Сапарбаев: Жұмысқа қабілетті АӘК алушылар жұмыс істеуі керек
Шымкентке жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмек, жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері бойынша кеңес өткізді.Еңбек министрлігі басшысының мәліметінше, бүгінде Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатын 291 мың отбасы немесе 1 миллион 450 мың адамға 87 млрд. теңге төленді. Бұл ретте АӘК алушылардың 38% -ы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары.Бердібек Сапарбаев АӘК-тің негізгі мақсаты – қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету, соның ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларын көрсету арқылы жәрдемдесу екеніне ерекше назар аударды. Осыған байланысты ол жергілікті жерлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті…