Құпиялы Өгем
Қазақ даласының сай-саласы, өзен-көлі, тау-тасының қойнауы қаншама сырды бүгіп жатыр десеңші. Тілін тапсаң, желмен бірге уілдеген жусаны мен сыбдырлаған қурайы да небір аңыз-әңгімелердің көбесін сөгіп жіберетіндей. Сөйлете алсаң, маңғаз жоталар мен тынымсыз су ағысы даланың аңызға айналған батырлары мен сұлулары жайындағы әпсаналармен жадыңды жаңғыртар ма еді? Ал, жер-су тарихы жайында туған өлкенің әр тасының сырын аңдаған құймақұлақ қарияның әңгімесін тыңдау бір басқа. Жаның жадырап, дала құпиясын ұғуға ынтыға түсесің...Өгем аңғарыҚазақ жерінің оңтүстігінде Өгем деген тау бар. Аспанмен тілдескен қабырғалы Тәңіртаудың (Тянь-Шань) батыс бөлігі саналатын бұл таудың жасырған құпиясы жеткілікті. Мектеп қабырғасындағы география сабағынан азды-көпті Өгем тауы жайлы, оның суайырық жотасынан сол…
