Нұр-Сұлтан қаласында «Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауы мәресіне жетті
«Кітап оқып, рухани бай бол» - республика көлемінде өткізіліп жатқан ауқымды жобалардың бірі. Әр аймақтағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселері халықтың әртүрлі санатын қамту арқылы халықтың кітапқа деген құмарлығын арттыру мақсатында байқау ұйымдастыруда.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" мақаласындағы "Білімнің салтанат құруы" бағытының негізгі міндеттерінің бірі азаматтардың білім деңгейін арттыру болып табылады. Осыған сай, оқу мәдениетін дамыту және қолдау, ұлы ақын Абайдың шығармаларын кеңінен таратуды мақсат еткен байқау ІІ кезеңнен тұрды.Елордамыздағы байқаудың І кезеңінде кітапсүйер қауым желтоқсан-қаңтар айлары аралығында өздерінің сүйікті кітаптарынан үзінділер оқып, әлеуметтік желілерге жүктеді. Отандық және шетелдік ақын, жазушылардың еңбектерін оқып, жүзден жүйрік шыққан…