Мазмұнға өту
Экономика 
Экономика 
1 219 жазбалар331 тіркелуші

Посты о мировом состоянии экономики и крупнейших компаниях мира влияющих на нее.

Еліміздегі ең ірі жылыжай Шымкентте бой көтеретін болды

Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешені Шымкент қаласында салынбақ. Бұл жобаны жүзеге асыру жайы елордада келісілді2023 жылғы 17 қарашада Астанада өткен Жаһандық инвестициялар жөніндегі VI қазақстандық дөңгелек үстел аясында өзара ынтымақтастық туралы маңызды меморандумдарға қол қойылды.Әлемдік бизнестің және қаржы секторының өкілдерін жинаған іс-шараға ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қатысты.Шымкент әкімдігі тарапынан қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов жалпы сомасы 662 млн АҚШ долларына екі шетелдік компаниямен меморандумға қол қойды. Сөйтіп, екі жоба жүзеге асырылатын болды.Біріншісі – қала аумағында жаңа форматтағы жылыжай кешенін салу. Бұл іспен Түркияның ірі компаниясы – "Alarko Holding" айналыспақ. 650 млн долларға жүзеге асырылатын инвестициялық жоба кезең-кезеңімен жалпы 500…

-1
0
38065

Құнсыздану (Инфляция)

Инфляция – бұл экономикадағы ақша массасына өзгермеген немесе аз мөлшердегі тауар көлемі сәйкес келетін экономикадағы ақшаның көбеюі болып табылады.Мысалы.Экономикада екі тауар бар деп елестетейік. Мысалы, үстел мен телевизор. Бұл екі тауар экономикада бар барлық тауарлар санын құрайды. Ары қарай мемлекет тұрғындарының қолындағы ақша саны 2 долларды құрайды деп елестетейік. Демек, біздің экономикадағы барлық тауарлар, яғни бір үстел және бір телевизор 2$-дан артық тұрмайды (бағаланбайды). Себебі экономикада басқа ақша жоқ. Ал егерде экономикада +1$ артық доллар пайда болса, онда 2 тауар 3$ тұратын болады. Бұл жағдай экономикада «инфляция» деп аталады. Экономикадағы 2$-дың орнына 3$ қайдан пайда болды? Бұл қосымша (артық) доллар ауадан басып шығарылды және экономикаға енгізілді. Бұл ақшаны…

-1
0
453

АҚШ дағдарысының Қазақстан экономикасына әсері

АҚШ экономикасы ЖІӨ 15 трлн. долларды құрайтын әлемдегі ең ірі экономика. Салыстырмалы түрде қазіргі қарқынмен дамып келе жатқан Қытайды алсақ, ол сатып алу қабілеті бойынша ЖІӨ 10 трлн. долларды құрайтын экономикасы бар келесі бір мемлекет. АҚШ – тың 300 млн. халқы тәулігіне 20 млн. баррель мұнай тұтынады. Салыстыру үшін 1,5 трлн. халқы бар Қытай тәулігіне тек 9 млн. баррель немесе 2 есе аз тұтынатындығын атап өткен жөн. Сонымен қатар, Американдық доллар әлемдік қор валютасы ретінде танымал, себебі АҚШ кез-келген басқа мемлекетке қарағанда қызметтер мен тауарларды көбірек өндіреді және де негізгі шикізат (мұнай) тек қана долларда сатылады.Бүгінгі күні АҚШ экономикасы капиталистік артық өндіру дағдарысы жағдайында тұр. Бұл дағдарыс мемлекетте өндірілген барлық тауарларды сатып алу үшін тұ…

-1
0
390

Еуропалық дағдарыстың Қазақстанға әсері

Бүгінде Еуропа экономикасы қарапайым капиталистік артық өндіру дағдарысын бастап кешуде. Капиталистік елдерде мұндай әртүрлі деңгейдегі күші бар артық өндіру дағдарысы әр 7-15 жыл сайын болып отырады. Мұндай дағдарыстың болуының түрлі жылдамдығы, ең алдымен қоғамдық еңбек өндірісінің өсу жылдамдығына байланысты. Өндірілетін тауарлардың саны мен жылдамдығының күрт өсуімен қатар, осы тауарға жарататын тұрғындар ақшасы да тезірек тауысылатын болады.Екіншіден, мұндай дағдарыстардың пайда бола бастауы, ең алдымен өндіріс құралдарының меншік иесінің (капиталистер), яғни кішігірім адам топтарының қолында қоғамдық табыстың шоғырлану жылдамдығына байланысты болады. Ұлттық табыс шағын капиталистер тобының қолында жылдамырақ шоғырланған сайын, соғұрлым қоғам осы топтың шығынына тәуелді бола бастайды…

0
0
285

Катар мемлекетінің мұнай және газ секторы

Өте аз ресурстары бар Катар қиын өмір сүру жағдайларын, қатал климат пен аштықты басынан өткерді. Бұл жағдайлар жүздеген адамдардың өліміне және басқа адамдардың қажетті азықты іздеу мақсатымен көршілес аймақтарға қоныс аударуына алып келді.Мұнайдың табылуы Катарды өмір сүру жағдайлары жақсартылған жаңа дәуірге жол бастады және осының нәтижесінде оның көптеген азаматтары басқа мемлекеттерден қайтып келіп, мұнай салаларында жұмыс істей бастады. Британияның ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, мұнай салаларындағы 2667 жұмысшы күшінің 1755-і Катар азаматтары, яғни, бұл жалпы жұмысшылар санының 66%-ын құрайды.Іздестiру-барлау жұмыстарыЕң алғашқы іздестіру-барлау жұмыстары 1935 жылдың мамыр айында Ағылшын-Парсы Корпорациясы мен Катар Шейхы Абдулла Бин Джессемнің арасындағы келісімшарттың бір бөліг…

0
0
378

День Конституции Республики Казахстан! Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнімен!

Дорогие казахстанцы, коллеги и друзья!Искренне поздравляем вас с государственным праздником – Днем Конституции Республики Казахстан!Знаменательное событие, которое мы отмечаем сегодня – это воспоминание о главном документе страны - Конституции, которая признаёт высшие нормы прав и свобод своих граждан как ценность первостепенного порядка. Она является краеугольным камнем в успешном строительстве будущего, обеспечивая политическую, экономическую и социальную стабильность нашего общества.Пусть этот день символизирует мирное небо над головой и благополучие каждого казахстанца как в личной, так и в общественной жизни.С глубоким уважением и наилучшими пожеланиями,Коллектив онлайн-сервиса «Честное слово»*****Құрметті қазақстандықтар, әріптестер мен достар!Сіздерді Мемлекеттік мереке – Қазақстан…

1
1
2006

Кездесу орны-Санкт-Петербург. Болашақ жоспарлары.

14-17 Маусымда "Экспофорум" Көрме орталығында Санкт-Петербург экономикалық халықаралық форумы (ПМЭФ) өтеді. Бірнеше ондаған жылдар бойы ол саясаткерлер, бизнес өкілдері, технологиялық стартаптар өкілдері арасындағы қарым-қатынас алаңына айналды.Форум аясында араб әлемінің, Үндістанның, Қытайдың, ЕАЭО-АСЕАН, Латын Америкасы және БАӘ – нің шетелдік әріптестерімен бизнес-диалог форматында алты екіжақты іскерлік іс-шара жоспарланғаны белгілі.Ең алдымен, оқырмандардың назарын ең өзекті мәселеге аударған жөн: Ресеймен экономикалық ынтымақтастық қазіргі санкциялар мен батыс компанияларының Ресей нарығына бойкот жариялауы аясында қаншалықты тиімді? Аналитикалық мәліметтерге сүйенсек, кез-келген мүдделі тұлға таба алатын Ресей экономикасы батыстық сарапшылар болжаған өткір дағдарыстық құбылыстарды…

0
0
356

Әлем экономикасындағы әбігер

Соңғы уақытта Қазақстанда қымбатшылық қатты сезіледі. Басқасын былай қойғанда, күнделікті тұтынатын азық-түлік, жанармай, киім-кешек бағасы шарықтап тұр. Құрылыс материалдары қымбаттағаны сол, баспана бағасы да ұстатпай қойды. Сарапшылар мұндай жағдайды көптеген мемлекеттер басынан өткеріп отырғанын, жағдай мұнан ары да қиындайды дегенді алға тартады. Ал әлем экономикасының айналдырған бірнеше жылда соншалықты құлдырауына не себеп?

📷Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме: https://biz.kz/2022/04/17/lem-ekonomikasynda-y-biger/

#новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz

0
0
354

Қазақстанның білім беру жағдайы

Қазіргі уақытта Қазақстанды әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикасы бар мемлекет ретінде таниды. Тәуелсіздік алғаннан бері қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан жаңа прогрессивті технологияларды пайдалана отырып, экономикада серпіліс жасап, әлемдік өркениетке ықпалдасты, әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары анықталды. Бұл тұрғыда қоғам өмірінің жаңа деңгейінің негізін құратын және елдің экономикалық күші мен ұлттық қауіпсіздігінің маңызды факторлары, негізі болып табылатын әлеуметтік даму деңгейінің өлшемдері ретінде қазіргі білім беру жүйесінің, адами капиталының рөлі мен маңызы артып келеді.Өз кезегінде, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге әсер етеді, жаңа тарихи кезеңнің шынайылығын талап етеді және тұтастай алғанда экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкес к…

0
0
421

Ресей экономикасын не күтіп тұр? Дефолт?

Біріншіден, бұл дефолт-қарыз шартын орындамау, яғни қарыз міндеттемелері бойынша немесе облигациялық қарыз шығару туралы шарттың талаптары бойынша пайыздарды немесе негізгі борышты уақтылы төлемеу.Екінші түрі - техникалық дефолт-бұл қарыз алушы қарызды ұстаушыға келесі төлемді жүзеге асырмай қарыз шартын бұзған жағдай, бірақ физикалық тұрғыдан ол бұл шартты орындай алады және қарызды төлеуге қаражаты бар.Іс жүзінде техникалық дефолтқа тек қаржылық қиындықтарға тап болған Эмитенттер ғана жол береді, өйткені техникалық дефолт жағдайында эмитент тұрақты қарыз алушының беделін бірден жоғалтады, одан әрі орналастыру мүмкіндіктері қысқарады, болашақ шығарылымдар жоғары мөлшерлемемен орналастырылады.Көріп отырғанымыздай, Ресей ең нашар жағдайда тек техникалық дефолтты күтеді, өйткені шетелдік са…

0
0
600