Мазмұнға өту

Жаңа

"Магнитский" тізіміне кірген жемқорлар шет елге қашып кете алмайды!

Қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлері, «нағыз» қылмыскерлерден де көп қылмыс жасайтыны көпшілікке белгілі. Осы қылмыстардың басында тұрған негізгі ұйымдастырушылары жауапқа тартылмайтыны да аян. Соның ішінде, халыққа ауыртпашылық салатын және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі болатын адам құқығын бұзу, жемқорлық сияқты ауыр қылмыстарға қатысы бар саяси басшылыр бар. Өкінішке орай, нақты құқық бұзушылыққа, т.б. билік тарапынан болған заңсыз әрекеттерге байланысты, «Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы» Ұлттық қозғалысы тарапынан жоғарғы билікке (мемлекет басшысына), саяси басшыларды қызметтерінен шеттету туралы жасалынған ұсыныстар қараусыз қалып жатыр. Демек, мемлекет басшысы да бұл «саяси басшылар» алдында қауқарсыз.Осыған байланысты, «Азаматтық қоғам орталығы» Қоғамд…

0
0
418

Мемлекеттік мекеме басшылары онлайн қабылдаулар жүргізуде

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен короновирустың таралуына жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында елімізде төтенше жағдай енгізілген болатын.Короновирустың таралуына жол бермеу мақсатында барлық іс-шаралар онлайн негізде жүзеге асырылуда.Осыған байланысты, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы аясында бекітілген кестеге сәйкес, Facebook әлеуметтік желісінің Aqjaiyq Adaldyq Alany парақшасында (аккаунтында) облыстың мемлекеттік мекеме басшылары онлайн қабылдаулар жүргізуде.2020 жылдың 13 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.А.Қаюпов онлайн қабылдау жүргізіп, әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына нақты жауаптар берді.Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 15 сәуір күні сағат 15.00-де (жергілікті уақытпен) Facebook әлеуметтік желісінд…

1
0
328

Департамент мамандарының «Алау» телеарнасында сөз сөйлеуі

Ағымдағы жылы 14 сәуірде Департамент мамандары төтенше жағдай кезінде куәландырудан өту және әлеуметтік төлемдер алу мәселелері бойынша «Көкейтесті сұхбат» телебағдарламасына қатысты.

----------------------------------------------------------------

14 апреля текущего года специалисты Департамента приняли участие в телепрограмме «» по вопросам, касающихся прохождения освидетельствования в условиях чрезвычайного положения и получения социальных выплат.

Для просмотра перейти по ссылке:

https://www.facebook.com/100028041192538/videos/531622944449074/

0
0
230

Қағаздан фотожиек жасау

Махаббат сезімін, оның нәзік қылын, пәк махаббатқа жету біздің қолымызда. Бұл ғашықтар күніне орай ыстық лебізімізді білдіргіміз келеді. Сол кезде не сыйларымызды білмей жатамыз. Енді бүгінгі үйірмеде Ғашықтар күні нышаны ретінде фотожиек жасадық. Видео сабақтан қарап, қайталап алуыңа болады.

0
0
278

Жарқын бейне - Пеле

Алайда, құр сөзге жеңіл көрінгенмен, голды тек құралайды көзге атқан кіл мерген ғана салуға құқылы. Футболдың құдіреті де осыда. Ал дәл осы қасиеттер бойынан табылған, аяқдоп спортының аңызы, ұлы сұрмерген, ХХ ғасырдың ең үздік спортшысы – Э́дсон Ара́нтис ду Насиме́нту, немесе жәй ғана – Пеле ... 1950 жыл, 16 шілде, Бразилия футболы үшін трагедияға толы күн... Сол жылдардағы «пентакампеондар» - тарихында тұңғыш рет футболдан әлем біріншілігінің ақтық бәсекесіне жолдама алды. Өз жерлерінде өткізілген турнир, 170 мыңнан астам Маракана стадионын лық толтырған жанкүйерлер, әйгілі Зизиньо бастаған талантты бразил аяқдопшылары. Оларға әлем чемпионатын жеңуге еш нәрсе де кедергі емес-ті. Алайда, тағдыр жағдайды мүлдем басқа арнаға тоғытты. Азулы уругвайлықтар екінші таймның нәтижесі бойынша бір…

0
0
462

2,4 миллионнан астам адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде...

2,4 миллионнан астам адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төлемдер тағайындалды

Толығырақ: https://www.gov.kz/…/bolee-24-mln-chelovek-naznacheny-vypla…Подробнее: https://www.gov.kz/…/bolee-24-mln-chelovek-naznacheny-vypla…

0
0
347

Білгірлер

Ескі заманның қолына күрек алып, ел кезіп, жер кезіп отбасын асырайтын адамдары сендерге сондай жаным ашиды. 24 сағаттың жартысына жуығын жұмыста өткізесіңдер. Сөйте тұра, бақыттымын, отбасым бар деп кеуде қағасыңдар. Алайда үйлерінде сол жұмыстан шаршап, ұйқыны қандырумен ғана уақыт өткізесіңдер-ау, бейбақтар. Сендердің бар кінәларын менен ерте туылып қойғандықтарында. Ал менің заманымда туғандар шалқып өмір сүріп жатыр. Жұмыс дейсіңдер ме? Жұмыс деген не, тәйірі? Сен сағаттап артынан қуған ақша бізге өзі-ақ келеді. Сыры неде дейсіңдер ме? Қолымызда өзімізді басқаратын пульт бар. Ол құдырет бізге тегін тамақ та, киім де әпереді. Тек тілін тапсаң болғаны. Қаншалықты үлкен болса, соншалықты керемет. Басымызбен кіріп, оның бар дегенін істейміз. Кейде ерсі, ақылға сыймайтын дүниелерді істеуг…

1
0
494

«Бақыт» деген не ?

Құстың ұшу үшін жаралғаны сияқты, адам да бақыт үшін жаралған В.Г. Короленко Бақыт - бір ғана сөздегі терең ұғым... Әлемде жеті миллиард адам болса, бақыт жайлы да соншалық пікір болмақ. Жер жүзінде бақытты болғысы келмеген жанды кезіктіру де мүмкін емес. Бұл бір ауыз сөздің мағынасын ұғынуға мен де өзімше талпынып көрдім. Сонымен, «бақыт» деген не және оның мәнісі неде? Бақыт жайлы көптеген зерттеулерге үңіле келе, оған бір ғана анықтама беру жеткіліксіз екенің аңғардым. Бақыт – психологтардың пайымдауынша, адамның белгілі бір кезеңде сезінетін жанына жайлы эмоционалдық жағдай. Яғни, разы болған кезде,арманыңызға қол жеткізген сәттебақыттың дәмін татасыз. Қайырымдылық та адамды бақытқа жетелейді екен. Себебі мидағыэмоционалдық жағдайларға жауапты жүйе де өзгелерге жасалған жақсылықтан ке…

2
0
559

Әжемнің ертегілері: Зерделі

Балалар егерде бір қария сендерден:

- Әкеден үш түрлі бала туады: бір бала әкесінен өте туады, бір бала әкесіне жете туады, енді бір бала, ол кері туады,- деп сұраса, немесе:

-Балам, ақыл кімнен шығады, асыл неден шығады, қанат неден шығады, жанат неден шығады, санат неден шығады, оғат неден шығады, соны білесің бе десе, не дейсің?

Осы сұрақтардың жауабымен өз жауабынды салыстырғың келсе, біздің ертегіміздің бас кейіпкері білгір, шешен Зерделінің жауабын тыңда....

0
0
455

Хоббиді қалай табуға болады?

Баршамыз уақытымызды отбасы мен жұмыс немесе оқу арасында бөлудің қиын екендігін білеміз. Алайда, тәуліктегі жиырма төрт сағатта өзімізге ең болмаса 30 минут табылу керек. Осы уақытты өзіміз әуестенетін, қуана бастайтын іс немесе басқаша айтқанда хоббиге арнауымызға болады. Дегенмен, көпшілікке хоббиді қалай табу керек екендігі белгісіз. Алдымен, хобби іздеуді бастамас бұрын өзіңізді қызықтыратын істер жайында ойланып көріңіз. Олардың арасында хобби деп атауға тұрарлық заттар болуы мүмкін. Мысалы:Көпшілікке жақпайды деп те өз ісімен бөліскісі келмейтін адамдар көп. Алайда, шахмат ойнау немесе үйді безендірумен көпшілік қызықпаса да, өзіңіздің көңілді уақыт өткізуіңізге кедергі болмаңыз.Хоббимен күн сайын айналысу міндетті деген шарт жоқ. Егер сіз жаңа рецепт бойынша тағамды екі аптада бір…

0
0
764