Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Хоббиді қалай табуға болады?

Баршамыз уақытымызды отбасы мен жұмыс немесе оқу арасында бөлудің қиын екендігін білеміз. Алайда, тәуліктегі жиырма төрт сағатта өзімізге ең болмаса 30 минут табылу керек. Осы уақытты өзіміз әуестенетін, қуана бастайтын іс немесе басқаша айтқанда хоббиге арнауымызға болады. Дегенмен, көпшілікке хоббиді қалай табу керек екендігі белгісіз.

Алдымен, хобби іздеуді бастамас бұрын өзіңізді қызықтыратын істер жайында ойланып көріңіз. Олардың арасында хобби деп атауға тұрарлық заттар болуы мүмкін. Мысалы:

Көпшілікке жақпайды деп те өз ісімен бөліскісі келмейтін адамдар көп. Алайда, шахмат ойнау немесе үйді безендірумен көпшілік қызықпаса да, өзіңіздің көңілді уақыт өткізуіңізге кедергі болмаңыз.

Хоббимен күн сайын айналысу міндетті деген шарт жоқ. Егер сіз жаңа рецепт бойынша тағамды екі аптада бір рет қана әзірлесеңіз ол да хоббиға жатады. Сізге әр екі күн сайын жаңа тағам әзірлеу міндетті емес.

Айналасатын істің шебері болу міндетті емес. Егер сурет салуды жаныңыз ұнатса, бірақ ол сіздің қолыңыздан келмесе де сіз оған уақыт бөле аласыз.

Егер сіз бұрыңғы хоббиға оралғыңыз келсе уайымдамаңыз. Мысалы, спортқа құмар болып едіңіз бірақ жаттығу жасамағаныңызға біраз жыл болса да, қайта бастаудан қорықпаңыз.

Осы әдістерге қарамастан ойыңызға хобби келмеді делік. Онда мына кеңестерге назар аударыңыз:

1. Өзіңіздің балалық шағыңызға оралыңыз.

Барлығымыз бала болған кезімізде өзімізді бос, еркін болып ұстадық. Соның арқасында тек өзіміз сүйетін істермен айналыстық. Солардың бірі сізді қайта қызықтыруы мүмкін.

Велосипед тебуді, қуыршақтарға киім тігуді немесе қарандаштармен сурет салуды жақсы көрсеңіз оларға қайтадан уақыт бөлсе болады. Ал егер сіз ағаштарға өрмелеуді ұнатсаңыз неге альпенизнен бастамас қа?

2. Бүгінгі күн түрлі ұмыттыратын іс іздеңіз

Егер сізді хобби таңдау қызықтырмаса, өзіңіздің бос уақытыңызды толтыратын іс қарастырыңыз. Инстаграмм парақшасын қарап отырғанша, уақытыңызды пайдалы өткізуге немесе демалуға арнаңыз. Бұл күнді жаңадан бастауға, көңіл көтеруге көмектесетін іс болу тиіс. Мысалы, күні бойы жиналған ойыңызды күнделікке жазып үйреіңіз. Немесе кешкі ас алдында жарты сағат далада серуендеңіз. Бұл сізге ойыңызды жинақтауға көмектеседі.

3. Жаңа идеяларды іздеңіз

Кейде жаңа іспен әуестену үшін бізге ізденіс жасау керек. Уақытыңыз болғанда кітапханаға немесе спорт дүкеніне барып көріңіз. Көзіңізге түскен заттарға көңіл бөліңіз. Бәлкім сіз сол жерден жаңа рецепттерге толған кітаппен не жаңа доп алып шығатын шығарсыз

Жиырма бірінші ғасырда адамдар өздерін әр түрлі жұмыстармен басып қояды. Сондықтан, уақытты дұрыстап бөлу маңызды. Әр адам дамуды мақсат етеді бірақ уақыт өте маңызды болып жүрген сәтте өзіңізге соның бір бөлугін бөлуді ұмытпаңыз.

0
0
657

Осы тақырып бойынша

Хоббиді қалай табуға болады? - Yvision.kz