ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Мемлекеттік мекеме басшылары онлайн қабылдаулар жүргізуде

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен короновирустың таралуына жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында елімізде төтенше жағдай енгізілген болатын.

Короновирустың таралуына жол бермеу мақсатында барлық іс-шаралар онлайн негізде жүзеге асырылуда.

Осыған байланысты, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы аясында бекітілген кестеге сәйкес, Facebook әлеуметтік желісінің Aqjaiyq Adaldyq Alany парақшасында (аккаунтында) облыстың мемлекеттік мекеме басшылары онлайн қабылдаулар жүргізуде.

2020 жылдың 13 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.А.Қаюпов онлайн қабылдау жүргізіп, әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 15 сәуір күні сағат 15.00-де (жергілікті уақытпен) Facebook әлеуметтік желісінде Батыс Қазақстан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы М.Қ.Арыспаевтың онлайн қабылдауы жоспарлануда.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.