Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Магнитский" тізіміне кірген жемқорлар шет елге қашып кете алмайды!

Қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлері, «нағыз» қылмыскерлерден де көп қылмыс жасайтыны көпшілікке белгілі. Осы қылмыстардың басында тұрған негізгі ұйымдастырушылары жауапқа тартылмайтыны да аян. Соның ішінде, халыққа ауыртпашылық салатын және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі болатын адам құқығын бұзу, жемқорлық сияқты ауыр қылмыстарға қатысы бар саяси басшылыр бар.

Өкінішке орай, нақты құқық бұзушылыққа, т.б. билік тарапынан болған заңсыз әрекеттерге байланысты, «Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы» Ұлттық қозғалысы тарапынан жоғарғы билікке (мемлекет басшысына), саяси басшыларды қызметтерінен шеттету туралы жасалынған ұсыныстар қараусыз қалып жатыр. Демек, мемлекет басшысы да бұл «саяси басшылар» алдында қауқарсыз.

Осыған байланысты, «Азаматтық қоғам орталығы» Қоғамдық бірлестігі (Бірлестік), жалпы халыққа, мемлекетке зиян келтірген заңбұзушылыққа қатысы бар саяси басшыларды, «Магнитский заңы» бойынша қара тізімге кіргізу туралы Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатышсы Майкл Помпеоға ұсыныс жасау үшін адам құқығын бұзу, жемқорлық сияқты ауыр қылмыстарға жол берген саяси басшылардың тізімін дайындауда.

«Магнитский заңын», 2012 жылдың 14 желтоқсанында АҚШ қабылдаған. 2016 жылдың 24 желтоқсанында АҚШ президенті Барак Обама, бұл заңның бүкіләлемдік мәртебесін бекітетін заңға қол қойды. Яғни, бұл заң бойынша күдікпен қара тізімге кірген, адам құқығын бұзушылар, азаптаушылар, жемқорлар, қазына қаражатын талан-таражға салушылар, т.б. қылмыскерлердің шет елдердегі мүлкі, банктердегі қаражаттары бұғатталып, виза алуға шектеу қойылады.

Осы тізімге ұсынылатын Қазақстандық саяси басшылар тізімі:

1.Е.Тұрғымбаев – Ішкі істер министрі (Д.Ағаділ өлімі, бейбіт митингтерге қатысушыларға заңсыз күш қолданғаны үшін).

2.Е.Сәденов – Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің бастығы (Д.Ағаділ өлімі, бейбіт митингтерге қатысушыларға заңсыз күш қолданғаны үшін).

3.Қ.Таймерденов - Алматы қаласының полиция департаментінің бастығы (бейбіт митингтерге қатысушыларға заңсыз күш қолданғаны үшін).

4.Қ.Келімбетов – Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы (халықты қасақана жаппай кедейшілікке ұшыратқаны, халықтың зейнетақы қорындағы қаржысын екінші деңгейдегі банктермен сыбайласа отырып талан-таражға салғаны және 2015 ж. 8 трлн 400 млрд тенгені Қазақстаннан заңсыз шығарғаны үшін).

5.Д.Абаев - Ақпарат және қоғамдық даму министрі (Қазақстан халқының бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізуіне мүмкіндік беретін конституциялық құқықтарына қарсы, адам құқығына қайшы заң жобасын ұсынғаны үшін).

6.Е.Сағадиев - Білім және ғылым экс-министрі (мемлекет қаржысын талан-таражға салуға «жол бергені» үшін).

7.Э.Суханбердиева - Білім және ғылым экс-вице-министрі (мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін).

8.Қ:Бозымбаев – Энергетика экс-министрі (қарамағындағы саяси басшылардың сыбайлас қылмыстық топ құруға «жол бергені» үшін).

9.Ә.Исекешов – Астана қаласының экс-әкімі (Астана-LRT жобасы бойынша мемлекетке миллиардтаған зиян келтіруге «жол берген»і үшін).

10.К.Бишимбаев – Ұлтық экономика экс-министрі (мемлекеттік қаржыны талан-таражға салғаны үшін).

Бірлдестіктің бүл шараны қолға алу себебі, сайланғанына бір жылдан аса уақыт өтсе де, мемлекет басшысы Қ.Тоқаев, президенттіке сайланарда халыққа берген уәдесі бойынша ешқандай түбегейлі өзгенрітсер жасаған жоқ. Экономика тоқырауда, халықтың жағдайы күннен-күнге төмендеп бара жатыр. Халық басына түскен короновирус індеті, мемлекеттік жүйенің жұмыс істемейтінін көрсетті. Қазынадан бөлінген триллиондаған қаржының қайда жұмсалып жатқаны белгісіз. Халыққа жағдай жасаудың орнына, билік бір айдың ішінде небары 42 500 теңгенің өзін таратып бермей отыр. Ал, халық аштық алдында. Билік, халықты індеттен қорғануға жағдай жасаудың орнына, халықтың банктерге топтап жиналуына мәжбүрлеуде. Бұл жағдайлардың барлығы, халықтың ашу-ызасын туғызып, билікке қарсы шығуға соқтыратыны сөзсіз. Оның аяғы, халық пен билік арасында қақтығысқа соқтырып, қан төгіске апарады. Қалыптасқан жағдайда, халық пен билік арасындағы қақтығыстың алдын алып, халықаралық ұйымдар мен демократиялық мемлекеттердің қолдауымен биліктен жемқорларды аластатып, демократиялық дамуға жол салынбаса, Қазақстанның жағдайы Украина мен Қырғзстанда болған төңкерістерден де қиын болу ықтималдығы жоғары.

Аталған жағдайларға байланысты, президент Қ.Тоқаевқа да таңдау жасап, не халық жағына шығып, халықтың мүддесін қорғайтын, не жемқорлар алдында қауқарсыз екенін мойындап, биліктен кететін уақыты келді!

Бұл тізімді халық назарына ұсынуға себеп, адам құқығын бұзып, халыққа зиян келтіріп немесе мемлекет қаржысын талан-таражға салып, экономиканың дамуына кедергі келтіріп жүрген жемқорлардың толық тізімін жасау. Кімге, мемлекеттік қызметкерлердің адам құқығын бұзуға, жемқорлыққа, т.б. жалпы халыққа зиянды қылмыстарға, заңбұзушылықтарға қатысы бар екені белгілі болса, [email protected] поштасына немесе «Оян, Ұды Елдің Ұрпағы» Ұлттық қозғалысының facebook парақшасына жіберулеріңізді сұраймыз. Бұл хабарларға қойылатын талап, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан жасалынған заңбұзушылықтардың жалпы халыққа немесе мемлекетке үлкен зиян келтіруі, заңбұзушылықтардың көпшілікке таныс болуы немесе бұлжытпайтын дәлелдердің болуы.

Ескерту: Бұл шараға қатысушыларға билік тарапынан қысым болған жағдайда, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қорғауына алуға ұсынылады.

«Оян, Ұды Елдің Ұрпағы» Ұлттық қозғалысы

14.04.2020 ж.

0
0
383

Осы тақырып бойынша

"Магнитский" тізіміне кірген жемқорлар шет елге қашып кете алмайды! - Yvision.kz