Әлеуметтік желі және жастар
Әлеуметтік желі қоғам өміріне толықтай еніп, өз рөлінің маңыздылығын дәлелдеп қойғандығына талас жоқ. Тіпті күнделікті жуыну, тамақтану сияқты міндетті істердің қатарына әлеуметтік желіні бір шарлап шығу да қосылған десек артық етпес. Сандарға сүйенсек, бүгінде әлем халқының 53,6% желі қолданушысы. Жыл өткен сайын тіркелушілер саны көбейіп жатыр. Мысалы 2021 жылдың бастапқы айларының өзінде жарты миллиард жаңа қолданушы қосылған. Желіде белсенділігі жоғары топ жастар тобы екені бұрыннан белгілі. Жастардың әлеуметтік желіде отыру мақсаты мен қызығушылықтарын білу мақсатында шағын сауалнама жүргізген болатынмын. Сауалнамаға 15-25 жас аралығындағы 40 адам қатысты. Тіркелу жағынан көш бастап тұрған әлеуметтік желілер Instagram. Telegram және Tik Tok. Сауалнамаға қатысушылардың уақыт көрсеткіш…