Мазмұнға өту

Жаңа

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға"

Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя аладыАхмет БайтұрсыновҰстаздық жолда шәкірт бойына мұғалімнің ізденісі, біліктілігі, жан-жақтылығы, құзіреттілігі үлкен нәр беретіні айқын дүние. Өзім гуманитарлық пәннің мұғалімі болғаннан соң ба екен, алдымда отырған әрбір оқушымның бойындағы мүмкіндігін шектемей, шығармашылық тұлғаға айналдыру мақсатында үнемі ізденіс үстінде боламын. Өйткені, мен үшін шәкірт жүрегіне жол табу, оның бағбаны боп баулу ұстаздық шыңның асқары болып саналатыны сөзсіз...Мүмкін, ұстаздық жол сонысымен де құнды шығар. Өйткені, көп мамандықтардың ішіндегі жан-жақты білімділік пен икемділікті, шеберлікті пен шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететіндігі де біздің кәсібіміздің ерекшелігінде екендігінде дау болуы мүмкін емес. Кез-келген шәкірт сенің а…

0
0
516

Біздің түлектер. Расправляя крылья

Аспан мен авиацияға деген махаббат Шухрат Сұлтанходжаевті Авиация колледжіне әкелді, ол 2009 жылы колледжді тәмамдап, осы жылы сырттай азаматтық Авиация академиясында оқып, SCAT авиакомпаниясына жұмысқа орналасты. Жас маман және сырттай оқитын студент Ан-2, Ан-24 ұшақтарын жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысты. Ал біраз уақыттан кейін тиісті қайта даярлаудан өтіп, оған Boeing-737 лайнерлерімен жұмыс істеуге сенім білдірді. Авиатор Шухрат Сұлтанходжаев оқу кезінде алған теориялық дайындықтары үшін Авиация колледжі мен АА академиясының оқытушыларына алғысын білдірді, және қазіргі студенттер мен оқытушыларға қашықтықтан оқыту режиміне байланысты барлық мәселелерді табысты жеңуге тілек білдіреді. Шухрат Султанходжаев елдің Азаматтық авиациясы көп ұзамай өз қанаттарын сенімді түрде түзейт…

1
0
390

Шыңғыс Айтматов «Атадан қалған тұяқ»

Оның әр шығармасын оқыған сайын кейіпкерлерімен бірге сол оқиғаны бастан кешіп жатқандай күй кешесің. Ал «Атадан қалған тұяқ» шығармасы-оның жарық дүниеге келгелі туған әкесін тұңғыш рет 5 жасында қаһарман ретінде кинодан алғаш танысуынан басталады. Фильм соғыс жайлы еді. Бірақ әкесінің роліндегі актер кинода жараланып қайтыс болады. Міне тек сол кезде ғана бала жоғалтудың қандай ауыр екенін қатты сезінеді. Әңгіме бейбіт аспан үшін басқалар өз жандарын аямай, бастарына түскен қиыншылыққа төтеп беріп, жан қиғандарды өз жүрегімізде мәңгі есте сақтауға үйретеді.

0
0
838

Ертегі толы дорба: «Күшік пен мысық»

Бұл балдырғандарға арналған хайуанаттар туралы ертегілер топтамасынан алынған, тілі жеңіл, қабылдауға оңай, танымдық ертегі. Ертегінің басты кейіпкері күшік өзімшіл, мақтаншақ мінезді. Бұндай жағымсыз қасиет адам бойында да кездесетін жағымсыз қасиет. «Өзін-өзі мақтаған өліммен тең» дегендей, ертегі бос мақтаншақтықтан аулақ болуға шақырады.

0
0
783

Студенттерге арналған онлайн-дәрістер жалғасуда

2020 жылдың 12 мамыр күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО департаменті Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті студенттеріне «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру» тақырыбында онлайн режимде дәріс оқыды.Онлайн-дәріске БҚИТУ проректоры А.И.Абекешев, декан Ж.Ж.Жумаев, «Саналы ұрпақ» жобасының жетекшісі Э.М.Нургалиева және 1,2 және 3 курс студенттері қатысты.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала бермек.Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім.Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап с…

1
0
492

Үлкенге құрмет!

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша қызметкерлері тыл ардагерлерінің үйлеріне барып «Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл» мерекелік медалдарын табыстады.

Жеңіске жетуде тыл ардагерлерінің қосқан үлесі зор. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!» деп күні-түні еңбек еткен сол кездегі қариялар, әйелдер, балалардың рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.

Қоғамда парасаттылықты қалыптастыруда еңбек ардагерлерінің рөлі ерекше. Олардың еңбек жолы адалдық және әділдікпен өрнектеліп, өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды рөлге ие.

0
0
306

Біздің дәуір келе жатыр ма?

Бүгінгі кадр ауыстыруда бір дүркіреп қалдық қой. Әзіл-шыны аралас. Мем, прикол и всё такое. Енді серьезно (лау) қарасақ бірнеше фактор көзге түседі: 1. Бәрі жастар. ПӘ-ге орынбасар болған Дәурен Абаев менен екі жас қана үлкен. Бірақ біраз өткелектен өтіп тастаған. 2. Бәрі Назарбаевтың командасының шетін көрген. Ішкі кухняға қанық. Жүйені өзгертеді дей алмайсың, бірақ жаңа леп әкеле алады ма, мәселе сонда. 3. Әшімбаев спикер болып сайланған соң Сенаттың орта жасы бірден жасарып қалды ғой, енді жасару тренді сақталса.

"Жетпістердің эрасы" деп жатыр ғой. "Қырықтардан" соң секіріс мықты. Енді "сексендерден" де секірмесе екен дейсің де іштей. Алғашқы ойға қайта оралсам "Біздің дәуір келе жатыр ма?"

#менімазалайтынсұрақтар

Источник: Алмас Тоқабаев

0
1
478

70 жылғылардың дәурені басталған секілді

70 жылғылардың дәурені басталған секілді. Неше күннен бері жұрттар пал ашып, фейсбукте сауалнама жүргізіп еді. Фейсбукты қойшы, Еділовке жанып ашып кетті:) Айтпақшы, Еділов қай жылғы еді өзі?)

Тоқаев Сенатта сөйлеген сөзінде "еліміздің алдында тұрған міндеттерді орындау үшін билік тармақтары арасында ҮЙЛЕСІМ қажет" деген екен. 70-тер сол қажеттілікті өтеген секілді ме қалай? 70 жылғылар болса да, мемлекеттік қызметтегі әжептәуір тәжірибесі бар шенеуніктер ғой. Мемлекеттік қызметтің абыройлы міндет екенін бізсіз-ақ біледі ғой, бюрократиямен күрессе, жерлеп тастаса, сол жетеді..)

Источник: Бауыржан Карипов

0
0
373

18 мыңнан астам мүгедектерге мүгедектік мерзімі 3 айға автоматты түрде ұзартылды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен мүгедектігі бар адамдарды қолдаудың қосымша шаралары қабылданды. Қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай режимі (бұдан әрі-ТЖ) енгізілгенге дейін бір ай бұрын және оның қолданылу кезеңінде (16 ақпаннан бастап 10 мамырға дейін қоса алғанда) басталған және қайта куәландырудан өтпеген мүгедектерге, мүгедектік мерзімі қайта куәландырудың бұрын белгіленген күнінен бастап 3 айға автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте мүгедектігі бар адамдарға, яғни ақпан айына қайта куәландыру мерзімі тұспа-тұс келгендерге, ай толық есептелінді. Аталған шаралар мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін карантиндік шараларды сақтау мақсатында қабылданды. Мүгедектікті автоматты тү…

0
0
228

Кітаптарда демалыс жоқ

Кітап – білім бұлағы,

Өмірдің ол шырағы.

Кітапхана болсыншы,

Оқырманның тұрағы,- дегендей біздің оқырмандарымыз өздерінің сүйікті кітапханаларының өткізіп жатқан «Кітаптарда демалыс жоқ» акциясына өздерінің қызықтап оқитын кітаптарымен түскен фотосуреттерін жіберіп белсене қатысуда. Ал біздер болсақ сол білімді, белсенді, өнерлі оқырмандарымызбен кездесу күнің асыға күтудеміз.

0
0
258