Мазмұнға өту

Жаңа

Мүгедектігі бар адамдар қандай салықтардан босатылған.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне сәйкес, мүгедектіктің кез келген тобына жататын азаматтар және мүгедек баланың ата-анасының бірі келесі жағдайларда мемлекеттік баж салығын төлемейді:• Қылмыстық істе азаматтық талап қою.• Сот талқылауы.• Нотариалдық іс-әрекеттер жасау.• Азаматтық хал актілерін тіркеу.• Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін беру.• Автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру.• Көлік салығы.• Жер салығы. Мүгедектікті растайтын құжатты көрсеткен кезде ғана салықтан босатуға болады.-----------------------------------------------------------------Согласно Кодексу РК «О налогах и других обязательных платежах в бюджет», граждане, относящиеся к любой групп…

0
0
347

Кітаптарда демалыс жоқ

Кітап – білім бұлағы,

Өмірдің ол шырағы.

Кітапхана болсыншы,

Оқырманның тұрағы,- дегендей біздің оқырмандарымыз өздерінің сүйікті кітапханаларының өткізіп жатқан «Кітаптарда демалыс жоқ» акциясына өздерінің қызықтап оқитын кітаптарымен түскен фотосуреттерін жіберіп белсене қатысуда. Ал біздер болсақ сол білімді, белсенді, өнерлі оқырмандарымызбен кездесу күнің асыға күтудеміз

0
0
241

Мастер-класс: Көбелек

Көптеген аңыздар мен мифтерге арқау болған осынау әсем әрі құпия жәндік махабаттың, бақыттың, адалдықтың символы саналады. Батыста үйлену тойларында көгершіндердің орнына көбелектер ұшырып, жас жұбайларға бақыт пен пәк махаббат тілейтін көрінеді. Бунақденелі жәндік тұқымына жататын көбелектердің 157 000 түрі бар екен. Басқа да жәндіктер секілді көбелектер де көктемде тұқым көбейтеді екен. Осындай әдемі көбелектi біз бүгінгі үйірмемізде жасадық. Егер ұнаса бейнебаяннан қарап, жасап алуыңа болады.

0
0
374

«Күндізгі және қашықтықтан оқыту кезінде КОБ-ды ағылшын тілі сабағында қолдану»

Қазіргі заман талабына сай ақпараттық коммуникациялық технологияны білім беру жүйесінде пайдалану кең көлемде өріс алып жатыр. Сапалы білім беру қазіргі уақытта оқу процесін ұйымдастыруда жаңа әдістермен қатар әр түрлі компьютерлік бағдарламаларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Оқу процесінде жаңа ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тасымалдау компьютерлік техника негізінде жүзеге асуы білім беру жүйесінің дамуының негізгі шарты болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның көмегімен компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік деңгейге енгізу басты мақсат болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім беру жүйесінің барлық салаларына ақпараттық техн…

0
0
447