Мазмұнға өту
politics

Политические новости

@politics

Сайтта 2020 ж. 7 мамырКазахстан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

58

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Праймериз ойын тәртібін өзгертеді

Мемлекетімізде орын алған әлеуметтік-экономикалық жаңғырулармен қатар, еліміздің саяси өмірінде де оң өзгерістер бой көрсетіп, жаңа технологиялар мен тәсілдер айналымға енуде. Солардың бірі, батыс елдерінің сайлау тәжірбиесінде жүйелі түрде қолданылып келе жатқан партиялық праймериз ұғымы.


Праймериз – АҚШ саясаткерлерінен бастау алған, партия белсенділерін ашық таңдау тәсілі. Қазақ тіліндегі мағынасы – іріктеу деген ұғымды білдіреді. Кейде «алдын-ала сайлау» немесе «алдын-ала дауыс беру» деп те атайды. Яғни, жақтастар арасында алдын-ала партияішілік сайлау өткізу арқылы, партия атынан басты аламанға түсетін көшбасшыларды іріктеп алу дегенге саяды. Бұл, бір жағынан партияның өз ішіндегі мықтыларын іріктеуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан партиямен ниеттес, өзекті мәселелерді сөйлейтін үзеңгілес азаматтарды партия қатарына тартудың бірден-бір құралы.

Халықаралық тәжірбиеде мойындалған партияішілік іріктеу тәсілін елімізде алғашқылардың бірі болып «Nur Otan» партиясы қолданысқа енгізуде.
Бүгінде партия тарапынан халықпен кері байланыс арналарын орнатуға ерекше назар аударылуда. Аталмыш тәсіл арқылы партия қоғамда жаңа «әлеуметтік лифт» қалыптастырмақ яғни, алдағы сайлауларға ұсынылатын адал, іскер, ел сенетін тұлғаларды іріктеп алмақ.
Осы орайда «Nur Otan» партияішілік іріктеуді ашықтық пен жариялылық қағидаларына сай өткізуді жоспарлап отыр. Саяси тәсілдің де басты мақсаты негізгі сайлаулардағы партия мүшелерінің ынтымақты дауыс берулеріне қол жеткізу болып табылады. Партияның барлық деңгейдегі тұлғалары сайлау науқаны басталғанда ел арасына шығып, қоғамды дамытуға арналған бағдарламасымен таныстырып, ашық пікірталасқа көшпек. Осылайша үміткерлердің саяси ұстанымы мен ұсынастары ел алдында ашық, жариялы түрде саяси пікірталаста анықталатын болады. Суырылып шыққан мықтылар, елге сөзі өтетін беделділер партия атынан үміткерлер тізіміне ілініп, одан әрі үлкен сайлауға түседі.
Осылайша жаңғыру арқылы ашықтық пен жариялылыққа бағыт алған еліміздің саяси тарихында демократияның қалыптасқан сайлауалды құралдарының бірі тәжірбиеге енбек. Партия басшылығының жоспары бойынша праймериз нәтижесінде кім көп дауыс алады, сол одан әрі депутат атану құқығын иеленбек. Әрине, бұл алғышарттардың сыртында, үміткерлер әңгімелесу, тест тапсыру, бюрода қарау сынды талаптардан да өтуі тиіс. Мұндай ашықтық партия қатарын шынайы халықшыл азаматтармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін жаңа көзқарасты саясаткерлердің пайда болуына толық мүмкіндік туғызбақ. Ал, толықтай алсақ, өзгермелі ахуал жағдайында жаңа саяси мәдениеттің пішіндері мен іргетасының қалыптасуына септігін тигізбек.

Алдағы сайлау бұрынғы сайлаудан өзгеше болмақ. Жер жаһанды жайлаған төтенше жағдай мемлекеттердің қоғамдық-саяси өміріне күтпеген өзгерістер алып келді. Бұл орайда, басқа партиялар мен қоғамдық институттарға қарағанда «Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік хал-жағдайын қолдауда ұтымды бастамалар ұсынғанын айта кетсек артық болмас. Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры аясында қомақты қаражат жиналып, әлеуметтік әлсіз топтар мен медицина қызметкерлеріне көлемді көмек көрсетілді. Бұл жетекші партия тарапынан халықтың әл-ауқатын бағамдайтын тұрақты мониторинг жасалынып отырғандығын көрсетеді.
Азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашан да бірінші орында болуы керек. Сол себепті карантин жағдайында жаңа технологиялар сайлау процестерінде де орын алмақ. Сондай-ақ, алда болатын сайлаудың тағы бір ерекшелігі, жуырда қабылданған жаңа заңға сәйкес сайлауға түсетін үміткерлер арасында жастар мен әйелдер квотасының сақталуын қарастыру. Яғни, партия тізімімен түсетін кандидаттар арасында әйелдер мен жастардың үлесі 30% болуы шарт. Бұл, келешекте депутаттар арасынан заманауи креативті жастар мен әлеуметтік мәселелерді көтеретін әйелдердің көптеп көретіндігіміздің кепілі.

Қорыта келсек, праймериз тәсілі негізінде партияның жаңа тұлғалары мен көшбасшыларын іріктеу қалыптасқан «ойын тәртібін» өзгертіп, саяси додаға қатысатын тараптардың қызу таласын жаңа сатыға көтермек.

Дәурен Базаров, Еуразиялық интеграция институтының қызметкері

malim.kz

0
0
702

Ең қауіпті темекі ­– снюске заң жүзінде тыйым салынбақ

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасы ілеспе түзетулерімен бірге бірінші оқылымда мақұлданды.

Кодексті пысықтауға бағытталған Мәжілістегі жұмыстың қорытындысын шығарған Н.Нығматулин жоба баптарын депутаттар еліміздің әр өңірінде, әртүрлі алаңдарда талқыға салғанын айтты.

­– Нәтижесінде, барлық түйткілді нормалар бойынша ымыраға қол жеткізілді. Бүкіл азаматтық қоғам пікірін ескеруге тырыстық. Қабылданған соң бұл кодекс мемлекетіміздегі медициналық қызметтердің қолжетімділігін және сапасын арттырады деген үміттеміз, – деді спикер.

Дегенмен, отырыста шешімін таппаған бірқатар проблема көтерілді.

Депутаттар Денсаулық кодексіне шегілмейтін темекі бұйымдарын елге әкелуге, өндіруге, таратуға және сатуға тыйым салатын түзету енгізді. Мәселен, елімізде насыбай секілді еріннің астына салынатын темекі – снюстер кең тарауда. Ол жас ұрпақты шылымқор етеді. Н.Нығматулин бұлар отбасылар үшін қатерге айналғанын нықтады.

– Бас санитарлық дәрігер былтырғы желтоқсанда снюске уақытша тыйым салу туралы қаулы шығарды. Бірақ бұл тауар әртүрлі жолмен, әрбасқа формада елімізге әкелініп, саудасы жалғасуда. Қазақстандық жасөспірімдер ары қарай тұтынып жатыр. Жалғыз санитарлық дәрігердің қаулысы аздық етеді. Әлдеқайда пәрменді шаралар керек. Ең алдымен олар заңнамалық деңгейде қабылдануы тиіс, – деді ол.

Нұрлан Зайроллаұлы осы тыйымды бұзғанға жаза қарастырылуы қажет деді: «Ол жаза салмақты болғаны жөн. 5-10 АЕК айыппұл ешқандай тиімділік әкелмейді. Снюспен күрес шаралары спайс және синтетикалық есірткімен күреске ұқсас болуы, яғни кең ауқымды әрі жапай жүруі керек – деп түйді спикер.

aikyn.kz

1
0
530

Саудагерлер темекіні әдейі баланың көзіне бірден түсетін, қолы жететін жерге қояды –­ зерттеу

Қазақстан шылымқорлық жөнінен Африка елдерін де артқа тастады. Республикада ересектер арасындағы өлімнің 24%-ы темекі тұтыну салдарынан болатын көрінеді. Ресми мәліметке сәйкес, қаптаған шылым шегушілердің жұмыс үстінде темекі тартуға жүгіруі кесірінен істің дағдаруы, қызмет көрсетудің ұзауы нәтижесінде экономикаға 462,2 миллиард теңге шығын келеді.

Мамандардың байламынша, шылымқорлықтың қазақтар арасында жаппай таралуы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарына тұспа-тұс келіпті. Майданда қан кешкен жауынгерлеріміз қарулар үні тыншығанда айналадағы қырғыннан бір мезетке болса да арылу үшін, ал тылдағы халқымыз жанды мүжіген қайғы-шерден, тәнді қажытқан ауыр жұмыстан бір байыз табу үшін ауызға бір тал темекі қыстырып, құныға соруға, көк бұйра түтінге елтуге үйренді.

Энциклопедияға жүгінсек, 1940 жылдардың соңы мен 1950 жылдардың басы – темекі өнеркәсібінің «алтын ғасыры» болып саналады. ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде, яғни 1939-1945 жылдар аралығында сигареттер саудасы әлемде жоғары деңгейге жеткен. Темекі компаниялары солдаттарға миллиондаған қорап шылымды тегін жолдаған. Көптеген армияларда темекі тамақ ретінде солдаттың рационының бөлінбес бөлшегіне айналады. Кеңес әскерлері арасында және тылда негізінен, қағазға не газетке «махорка» темекісін орап, «самокрутка» тарту кең жайылған.

Темекіні ілгерілетуде кеңес өкіметі ештеңеден тайынбады. Майдан туралы фильмдерді ынтыға тамашалаған қаншама жасөспірімдер оларда басты кейіпкерлердің бұрқырата шылым тартқанын көріп, өздері де көк түтінге бой ұрды. Соғыстан кейін жаһандық, соның ішінде кеңестік темекі өндірісі миллиондаған тұрақты сатып алушыға ие болды. Бұл ретте «Главтабак» ұйымы РСФСР Азық-түлік тауарларының өнеркәсібі министрлігіне қарады. Ол қазақ арасында шылымқорлықты таратуға ықпал ету мақсатында, жыр сүлейі Жамбыл Жабаевтың жүз жылдық мерейтойына арнап, домбыра бейнеленген «Джамбул 100» папиросын өндірістік жолға қойғаны мәлім.

Темекіқұмарлықпен күресті де алдымен дамыған елдер бастады. Америка Құрама Штаттарында Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шылымқорлар саны күрт өскен. Салдарынан, онжылдықта онкологиялық аурулар саны ұлғаяды. Сондықтан АҚШ Үкіметі университеттерді қоса алғанда, қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салатын заң қабылдауға мәжбүр болды. Бұл шара өзін-өзі ақтады, келесі онжылдықта өкпенің қатерлі ісігі дертіне шалдыққан америкалықтар саны елеулі түрде азайған. Осының арқасында Атлант мұхитының ар жағындағы алпауыт мемлекет жүздеген мың еңбекке қабілетті тұрғындарын аман сақтап қалды.

Кеңес одағы өз республикаларындағы шылымқорлықтың жаппай таралуымен күреске көп басын қатырған емес. Бұл кеселге тосқауыл қоюға Қазақстан тек тәуелсіздігі нығайып, экономикасы төрт аяққа тең тұрғаннан кейін ғана кірісе алды.

Қазіргі кезде қазақ елінің темекі өнімдерінің нарығын екі ірі компания – «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС мен «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС бақылайды. Бұлар – төрткүл дүниедегі темекі тұтынушыларын «сауынды сиырға айналдырған» Philip Morris International және Japan Tobacco International секілді қос трансұлттық компанияның бөлімшелері.

Сигарет және өзге де темекі өнімдерінің өндірісі негізінен, Алматы облысында шоғырланған. 2018 жылы Қазақстанда 18 миллиард 144,2 миллион тал темекі өндірілді. Басқаша айтқанда, шылымқорлар бір жыл ішінде оның 907,2 миллион қорабын шеккен. 2017 жылғы көрсеткіш бұдан аз – 17,9 миллиард тал. Яғни, тұтыну көлемі артты.

Азаматтар шылым сатып алу үшін тек отандық темекі өндірушілерге ғана өткен жыл ішінде 96,7 миллиард теңге төлеген. Сөйтіп, шығындарын 2017 жылмен салыстырғанда, 16,7%-ға ұлғайтыпты.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасы бойынша сауда объектілеріндегі сату кассаларының жанында темекі өнімдерін ашық шығарып қоюға тыйым салу бөлігінде реттеушілік құралдардың реттеушілік әсерлерін талдау» нәтижелерін жария еткен Денсаулық сақтау министрлігі көңілсіз байламдарға келді.

«Темекі шегушіліктің таралуы бойынша Қазақстанның көрсеткіші әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі – 22,4%. Соның ішінде ерлердің 42,4%-ы, әйелдердің 4,5%-ы темекі тартады. Бұл өзге елдердегіден жоғары: темекі шегушіліктің таралуы Шығыс Жерорта теңізі елдерінде – 22%, АҚШ-та – 20%, Оңтүстік-Шығыс Азияда – 19%, Африкада – 15%, Скандинавия елдерінде – 10%», – делінген осы талдау есебінде.

Онда Қазақстандағы темекі шегушілердің саны 2 миллион 821,9 мың адамды құрайтыны көрсетілген. Яғни, еңбекке қабілетті жастағы он адамның үшеуі – шылымқор. Оның үстіне бұл індет бойында күші бұлықсыған, нағыз тепсе темір үзетін жастағы азаматтарды жалмауда: темекі өнімдерін ең белсенді тұтынушылар – 25–44 жас аралығындағы қазақстандықтар екені айтылады.

Құжатта жазылғандай, инфекциялық емес аурулар, оның ішінде темекі шегуден пайда болған сырқаттар денсаулық сақтауға және әлеуметтік қолдауға жұмсалатын шығындарды күрт арттырады, сондай-ақ, еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Елде 2017 жылы денсаулық сақтауға 1,1 трлн теңге жұмсалса, оның ішінде 0,3 трлн теңгесін немесе 30%-ын Үкімет негізгі төрт инфекциялық емес ауруларды (обырды, жүрек-қантамыр ауруларын, созылмалы респираторлық ауруларды, диабетті) емдеуге шығындапты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, темекі мен оның түтінінде 3000-нан астам химиялық қосылыстар бар, солардың 60-ынан астамы канцерогендік саналады, яғни «жасушаның генетикалық материалын зақымдайды және обыр тудыруға қабілетті». Зерттеулер деректері бойынша өкпе обырынан қайтыс болу оқиғаларының 90%-ынан астамы және қатерлі ісіктен өлу оқиғаларының 30%-ына жуығы темекіні пайдаланудан туған.

Бір күнде неғұрлым көп темекі талын шеккен сайын, сондай-ақ, сигареттерде шайыр және никотин көп болған сайын өкпе ісігінің қаупі де соғұрлым арта түседі. Сонымен қатар, темекі тарту тамақ, ауыз қуысы, тіл, ерін, көмей, аңқа, қуық асты безі, бүйрек және ұйқы безі обырларын тудырады. Темекі шегу мен обырдың бірнеше түрлерінің, оның ішінде асқазан-ішек жолдары, сүт безі және жатыр мойны обырларының арасында байланыс бары анықталған.

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарында темекі жарнамасына тыйым салынған. Алайда оның насихаты бәрібір дәуірлеп тұр. Бұл өнімді өткізушілер сауда орындарының қожайындарының аузын алып, темекі сөрелерінің дәл касса жанында, кезегін күткен сатып алушының тура көз алдында, ең масқарасы сол, ойыншықтар мен тәттілердің дәл қасында тұруына қол жеткізетін көрінеді. Темекі өнімдері қойылған сөре-витриналардың дизайны да керемет: жарық беру құралдарымен жабдықталған, түрлі-түсті қанық бояулармен көз жауын алады, мұнда тұтынушы назарын аудару үшін бәрі мұқият ойластырылады.

Қазақстанда темекі өнімдері барлық жерлерде, тіпті мектептердің қасында да сатылады. Осы орайда 2018 жылғы мамырда еліміздің ірі қалаларында – елордада, Алматыда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда, Шымкентте және Өскеменде мектептерден бес минуттық жерде орналасқан 325 сауда нүктесіне тәуелсіз зерттеулер жүргізілген. Оның барысында анықталғаны мамандарды айран-асыр етіпті. Өйткені олардың барлығында тікелей балаларға бағытталған жарнама әшкереленген. Басқаша айтқанда, темекі индустриясы тұтынушылардың жаңа буынын тәрбиелеуге мықтап кіріскендей.

Зерттеуге сәйкес, аталған қалалардағы мектептерге қоңсы қонған дүкендердің 42%-ы шылым қораптарын шамамен 1 метр биіктікте, яғни оқушы баланың міндетті түрде көзі түсетін деңгейде қоятыны мәлім болды. Сауда нүктелерінің 56%-ы темекіні тәттілер мен ойыншықтардың жанында орналастырған. Дүкендердің 70,5%-ы жасөскіндерді қызықтыратын түрлі хош иістендірілген қоспалары бар шылымдарды сатады. Бөлшек сауда объектілерінің 92,5%-ында темекінің жаңадан шыққан түрінің қаптаған жарнамасы ілініпті.

Қазақстанда 15-24 жас аралығындағы жастардың 30%-дан астамы үнемі темекі маркетингінің әртүрлі нысандарына көңіл аударатынын айтқан. 6-9 сынып оқушыларының 57%-ы темекі жарнамасына және сату орындарындағы жаңа сигарет өнімдерінің промо-акцияларына кезіккендерін растаған.

Саламатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығы жүргізген зерттеулер Қазақстанда балалардың 18,3%-ы немесе 11-ден 17 жасқа дейінгі 290 мың 970 жас өскін темекі тартатынын көрсетті. Бұдан бөлек, балалардың 40%-ы күн сайын пассивті темекі шегуге шалдығады, яғни темекіні жілік майын жұтқандай сорып, будақ-будақ түтін шығаратын шылымқорлардың қасында жүреді. Ал дүниежүзілік ғылыми зерттеулерге жүгінсек, 20 жасқа дейінгі адамдар үшін темекі шегу анағұрлым қауіпті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамдарына сәйкес, Қазақстанда 2,8 миллион шылымқордың 1,4 миллионына темекі шегуіне байланысты мезгілсіз қайтыс болу қаупі төніп тұр. Ал егер мемлекет бұл індетпен күресте батылырақ және белсендірек болмаса, «бұл сан ұлғаюы мүмкін».

Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі республикамызда темекі өнімдерін сөрелерде ашықтан-ашық қоюға тыйым салу ұсынысымен шықты. Ол тиісті заң жобасы түрінде рәсімделіп отыр. Егер сол құжатты Парламент қолдаса, онда темекі атаулы сауда орындарында тек перде тұтылған жабық сөрелер ішінде сатылатын болады.

Әрине, бұл – мемлекетіміз ойлап тапқан жаңалық емес, дүниежүзінің әр атырабында өмірге жолдама алып жатқан тәжірибе. Бұл жаңашылдық әлемнің көптеген елдерінде күшіне енді. Көшбастаушылар қатарында Канада, Аустралия, Исландия, Ирландия, АҚШ, Ресей, Тайланд, сонымен бірге, Непал, Тринидад және Тобаго сияқты экзотикалық елдер де бар.

Жер-жаһанда Қытайдан кейінгі темекі өнімдерін өткізудің ірі екінші нарығы болып есептелетін Ресей сауда орындарында шылымды беті ашық сатуға бұдан біраз бұрын, 2013 жылы тыйым салып тастаған. Оларда темекі сырттағы тұтынушыға бейнесі көрінбейтіндей етіп, жабық «шымылдырықтың» ішіне салынады. Ал перде сыртында тек жабық витринада қандай сигареттер жатқаны туралы ақпарат беретін тізім ғана басылады. Бұл жерде ол тізімдегі шылым атаулары ақ фонда біркелкі қара қаріптермен терілуі міндет. Және әлдебір марканы бөліп көрсету үшін оны басқа түспен бояуға, графикалық кескіндер мен суреттерді пайдалануға жол берілмейді. Мұндай тәсілді іске асыру нәтижесінде Ресей Федерациясының ересек адамдарының арасында темекіні тұтынудың таралуы көп төмендеген: егер 2009 жылы солтүстік көрші тұрғындарының 40 пайызға жуығы шылымқор болса, ВЦИОМ зерттеуі 2018 жылы олардың үлесі 29%-ға дейін кемігенін анықтаған.

Қазақстан Үкіметі шылымқорлардың үлесін қазіргі 22,4%-дан алдағы бес жылда 19,9%-ға және одан да кемге төмендетуді мақсат етіп отыр.

Бірақ мемлекет тек «шымылдырық» құрумен шектелмейді. Темекі тартуға қарсы үгіт-насихат та күшейтілмек. Мәселен, 2018 жылдың 12 айында 813 мың 266 адамды қамтыған шылым шегушіліктің алдын алу бойынша 50935 іс-шара өткізіліпті.

Денсаулық сақтау министрлігі осы мақсатта телеарналарда бейнероликтер айналдыра берумен тыйылмай, интернет алаңына да шығып, әлеуметтік желілерге уағыз жүргізуге көшуде екен.

aikyn.kz

0
0
804

Ғалым да, шахтёр де бас иетін ұстаздар қауымына мың алғыс!

Балаларды қашықтан оқыту кезінде барлығымыз мұғалімнің қадірін түсіндік. Тіпті, кейбір ата-аналар сын сағатта эмоциясын білдіріп алып жатты.

Мұғалім – ең қиын мамандық иесі екенін бүкіл әлем мойындады. Алдында отырған 40 балаға бағыт-бағдар сілтеу, олардың еркелігін көтеріп, сапалы білім, саналы тәрбие беру – кез-келгеннің қолынан келе бермейтін дүние.

Карантин мұғалімдердің мәртебесін айқындап берді. Мемлекет те алдағы уақытта педагогтар статусын жаңа бір белеске көтеруді алдына мақсат етіп қойып отыр.

«Nur Otan» партиясы Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Парламент депутаттарымен бірлесе отырып, «Педагог статусы туралы» заң жобасын әзірледі.

Сонымен қатар, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұйытқы болуымен алдағы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы 2 есе өсетін болды.

Бұл – ұстаздарға мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық деп ұғынған жөн.

Бүгін еліміз бойынша тағы бір оқу жылы аяқталады. Әлемдік жағдайға байланысты соңғы қоңырау үні естілмесе де, балалардың көңілі алай-дүлей болып тұрғаны рас.

Биыл алтын ұя – мектептен мыңдаған жас түлеп ұшады. Бәрінің жүзінен ұстазға деген алғысты, қимастық сезімді байқауға болады.

Әлбетте, бұл орайда мұғалімнің сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.

Ғалым да, шахтёр де бас иетін ұстаздар қауымына мың алғыс!

#birgemiz
#bizbirgemiz

Автор: Данияр Есен

0
0
882

Бүгін соңғы қоңырау!

Білім саласы үшін соңғы тоқсандар мен "Соңғы қоңырау" шарасы амалсыз қашықтан өткенмен, жақсы жаңалықтар да аз емес. Биылғы оқу жылының ең басты жаңалығы - Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленіп, біраз талқыдан өткен «Ұстаздар мәртебесі» жөніндегі заң қабылданды.

Педагог мәртебесін айқындайтын Заң негізгі төрт бағытты қамтиды:
1. ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту;
2. мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту;
3. материалды емес стимул тетіктері;
4. материалдық ыңталандыру.

Бұл заңның қажеттігі туралы біраздан айтылса да, "ештен кеш жақсының" реті келген секілді.
Айтпақшы Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің ұстаздардың жұмысы есеп беру құжаттарын жазу емес, бала оқыту дегені бар еді. Бұл қарапайым қағиданы естен шығарып, мектепті саяси шара ордасына айналдырудың сәл-ақ алдында қалғандай едік.
Дегенмен сең қозғалды. Ұстаз бен мектептің маңызы қандай екенін қоғам қазіргі карантин кезінде қолмен ұстап, көзбен көргендей болды.

Ендеше, тынымсыз еңбек пен қайтпас қажырды қажет ететін, осынау маман иелеріне бүгінгі "Соңғы қоңырау күні" алғыс айтып қойған жөн секілді.

Ақпарат көзі

0
0
646

Балалар құқығын қорғау саласындағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер талқыға түсті

Парламент Мәжілісінде «Балалардың құқығын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралуда. Қазіргі таңда екі мәселе бойынша талқылау жүріп жатыр, – деп мәлімдеді «Балалардың құқығын қорғау бойынша республикалық кеңес» төрағасы Динара Зәкиева.

«Біріншіден, отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұрып-соғуға тыйым салу және баланың денсаулығына зақым келтіргені үшін тиісті жауапкершілік жүктеу қажеттілігі бар. Екінші мәселе ата-ананың жауапкершілігіне қатысты. Бала үшін ата-анадан кейін мемлекеттік органдар мене қоғам жауапты болуы керек пе? Өкінішке орай, күннің астында тұрған машинаға қамап кету салдарынан бала көз жұмған жағдайлар да болды», – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Динара Зәкиева әлеуметтік желіде осы мәселелер бойынша желі қолданушыларының пікірін сұраған.

0
0
391

Біздің дәуір келе жатыр ма?

Бүгінгі кадр ауыстыруда бір дүркіреп қалдық қой. Әзіл-шыны аралас. Мем, прикол и всё такое. Енді серьезно (лау) қарасақ бірнеше фактор көзге түседі:
1. Бәрі жастар. ПӘ-ге орынбасар болған Дәурен Абаев менен екі жас қана үлкен. Бірақ біраз өткелектен өтіп тастаған.
2. Бәрі Назарбаевтың командасының шетін көрген. Ішкі кухняға қанық. Жүйені өзгертеді дей алмайсың, бірақ жаңа леп әкеле алады ма, мәселе сонда.
3. Әшімбаев спикер болып сайланған соң Сенаттың орта жасы бірден жасарып қалды ғой, енді жасару тренді сақталса.

"Жетпістердің эрасы" деп жатыр ғой. "Қырықтардан" соң секіріс мықты. Енді "сексендерден" де секірмесе екен дейсің де іштей. Алғашқы ойға қайта оралсам "Біздің дәуір келе жатыр ма?"

#менімазалайтынсұрақтар

Источник: Алмас Тоқабаев

0
1
492

70 жылғылардың дәурені басталған секілді

70 жылғылардың дәурені басталған секілді. Неше күннен бері жұрттар пал ашып, фейсбукте сауалнама жүргізіп еді. Фейсбукты қойшы, Еділовке жанып ашып кетті:) Айтпақшы, Еділов қай жылғы еді өзі?)

Тоқаев Сенатта сөйлеген сөзінде "еліміздің алдында тұрған міндеттерді орындау үшін билік тармақтары арасында ҮЙЛЕСІМ қажет" деген екен. 70-тер сол қажеттілікті өтеген секілді ме қалай? 70 жылғылар болса да, мемлекеттік қызметтегі әжептәуір тәжірибесі бар шенеуніктер ғой. Мемлекеттік қызметтің абыройлы міндет екенін бізсіз-ақ біледі ғой, бюрократиямен күрессе, жерлеп тастаса, сол жетеді..)

Источник: Бауыржан Карипов

0
0
391