Біздің дәуір келе жатыр ма?
Бүгінгі кадр ауыстыруда бір дүркіреп қалдық қой. Әзіл-шыны аралас. Мем, прикол и всё такое. Енді серьезно (лау) қарасақ бірнеше фактор көзге түседі: 1. Бәрі жастар. ПӘ-ге орынбасар болған Дәурен Абаев менен екі жас қана үлкен. Бірақ біраз өткелектен өтіп тастаған. 2. Бәрі Назарбаевтың командасының шетін көрген. Ішкі кухняға қанық. Жүйені өзгертеді дей алмайсың, бірақ жаңа леп әкеле алады ма, мәселе сонда. 3. Әшімбаев спикер болып сайланған соң Сенаттың орта жасы бірден жасарып қалды ғой, енді жасару тренді сақталса.
"Жетпістердің эрасы" деп жатыр ғой. "Қырықтардан" соң секіріс мықты. Енді "сексендерден" де секірмесе екен дейсің де іштей. Алғашқы ойға қайта оралсам "Біздің дәуір келе жатыр ма?"
#менімазалайтынсұрақтар
Источник: Алмас Тоқабаев
