Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

18 мыңнан астам мүгедектерге мүгедектік мерзімі 3 айға автоматты түрде ұзартылды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен мүгедектігі бар адамдарды қолдаудың қосымша шаралары қабылданды. Қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай режимі (бұдан әрі-ТЖ) енгізілгенге дейін бір ай бұрын және оның қолданылу кезеңінде (16 ақпаннан бастап 10 мамырға дейін қоса алғанда) басталған және қайта куәландырудан өтпеген мүгедектерге, мүгедектік мерзімі қайта куәландырудың бұрын белгіленген күнінен бастап 3 айға автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте мүгедектігі бар адамдарға, яғни ақпан айына қайта куәландыру мерзімі тұспа-тұс келгендерге, ай толық есептелінді. Аталған шаралар мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін карантиндік шараларды сақтау мақсатында қабылданды. Мүгедектікті автоматты түрде ұзарту медициналық-әлеуметтік сараптамаға құжаттарды ресімдеу барысында адамдардың жиналуын болдырмауға және азаматтардың жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын іске асыру мерзімі де 3 айға ұзартылды. Оңалтудың техникалық көмекші құралдарымен қамтамасыз етуді қоса алғанда, бұрын ұсынылған барлық оңалту іс-шаралары сақталады. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары мен барлық жеңілдіктер 3 айға ұзартылды. Жәрдемақы төлеу бұрын белгіленген мүгедектік тобы, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша жүзеге асырылатын болады. Айта кету керек, денсаулық жағдайы өзгерген жағдайда мүгедектігі бар адамдар белгіленген мүгедектік мерзімінен бұрын қайта куәландыруға құқығы бар. Естеріңізге сала кетейік, қайта куәландыру мерзімі белгіленген күннен бастап бір ай ішінде өтуі қажет. Мысалы, егер қайта куәландыру мерзімі ағымдағы жылдың 20 наурыз күні басталған болса, мерзімі автоматты түрде 20 маусымға дейін ұзартылады, және мүгедек 20 шілдеге дейін қайта куәландырудан өтуі тиіс. Қостанай облысы бойынша мүгедектік мерзімі 3 айға 697 мүгедекке автоматты түрде ұзартылды. -----------------------------------------------------------------Министерством труда и социальной защиты населения РК приняты дополнительные меры поддержки лиц с инвалидностью. Инвалидам, у которых сроки переосвидетельствования наступили за месяц до введения режима чрезвычайного положения (далее-ЧП) и в период его действия (с 16 февраля по 10 мая включительно), и не прошедшим переосвидетельствование, срок инвалидности продлен автоматически на 3 месяца с ранее установленной даты переосвидетельствования. При этом лицам с инвалидностью, у которых срок переосвидетельствования пришелся на февраль, месяц засчитан полностью. Данные меры приняты в целях оказания социальной поддержки лиц с инвалидностью, а также соблюдения карантинных мер после окончания режима ЧП. Автоматическое продление инвалидности позволяет исключить скопление людей в процессе оформления документов на медико-социальную экспертизу и снизить риск инфицирования граждан. Сроки реализации индивидуальных программ реабилитации инвалидов также продлены на 3 месяца. Сохраняются все ранее рекомендованные реабилитационные мероприятия, включая обеспечение техническими вспомогательными средствами реабилитации. На 3 месяца продлены все льготы и меры социальной поддержки лиц с инвалидностью. Выплаты пособий будут осуществляться по ранее установленной группе инвалидности, степени утраты трудоспособности. Стоит отметить, что при изменении состояния здоровья, лица с инвалидностью имеют право на переосвидетельствование ранее установленного срока инвалидности, утраты трудоспособности. Напомним, что переосвидетельствование необходимо пройти в течение месяца со дня назначенного срока переосвидетельствования. К примеру, если срок переосвидетельствования наступил 20 марта текущего года, срок автоматически продлен до 20 июня, и инвалид должен пройти переосвидетельствование до 20 июля. По Костанайской области автоматически продлены сроки инвалидности на 3 месяца 697 инвалидам.

0
0
205

Осы тақырып бойынша

18 мыңнан астам мүгедектерге мүгедектік мерзімі 3 айға автоматты түрде ұзартылды - Yvision.kz