Үлкенге құрмет!
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша қызметкерлері тыл ардагерлерінің үйлеріне барып «Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл» мерекелік медалдарын табыстады.
Жеңіске жетуде тыл ардагерлерінің қосқан үлесі зор. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!» деп күні-түні еңбек еткен сол кездегі қариялар, әйелдер, балалардың рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.
Қоғамда парасаттылықты қалыптастыруда еңбек ардагерлерінің рөлі ерекше. Олардың еңбек жолы адалдық және әділдікпен өрнектеліп, өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды рөлге ие.
