Қазақстандық каратеден қара белбеу алған әлемдегі алғашқы мүгедек спортшы атанды
Айдос Медьяновтың айтуынша, ол туылған кезде омыртқаның ауыр жарақатын алып, дәрігерлер оған "балалар милық салдануы" диагнозын қойған. Ол 13 жылдан астам уақыт жүре алмаса да, әрқашан күрескер болуды армандаған еді. Айдос 10 жыл бойы жекпе-жек өнерімен айналыса алатын секцияны іздеумен болды. Өкінішке орай, бірде-бір жаттықтырушы диагнозына байланысты оны жаттықтыруға келіскен жоқ.2012 жылы Айдос елордалық "Киокушинкай карате" федерациясының директоры Рүстем Сұлтанбековпен танысып, жас жігітті жаттығуға шақырды. Сегіз жыл ішінде жаттықтырушы оған аяғынан тұрып, каратеден қара белбеу иегері болуға көмектесті."Алғашқы жылдары маған қиын болды, себебі жүре алмадым. Сондықтан мен бастапқыда жаттығуларда тұруды үйрендім. Бірақ жаттығу мен өзіне деген сенімнің арқасында алты-жеті жылдан кейін…