«Nur Otan»-да Денсаулық сақтау және Еңбек вице-министрлеріне шара қолдануды талап етті
Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 186 медицина қызметкері қайтыс болды. Алайда қаза тапқандардың тек 9-ының отбасына ғана өтемақы төленген. Мұндай көңіл жүдететін статистика бүгін «Nur Otan» Партиялық бақылау комитетінің отырысында жария етілді. Партиялықтар COVID-бен күрес бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған дәрігерлерге ай сайынғы жалақыға қосымша үстемеақы төлеу, сондай-ақ осы індетті жұқтырған немесе содан қайтыс болған жағдайда медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу мәселелерін қарады.
Сонымен, Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бүгінге дейін инфекция жұқтырған 1093 дәрігер ғана 2 млн. теңгеден өтемақы алғанына тоқталды. Ал сол кезде, науқастанған медицина қызметкерлерінің жалпы саны 11293 адамды құрады.
«Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында пандемия туындатқан дағдарыс бізді көп нәрсеге үйреткенін атап өтті. Мәселен, дәрігердің еңбегін бағалай білу, оның маңыздылығын күшейту үшін материалдық тұрғыдан қолдау керек. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Денсаулық сақтау министрінің бірлескен бұйрығы 9 сәуірде қабылданып қойғанына қарамастан, өтемақы төлеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың алғашқы отырыстары тек тамыз айында өтті. Медицина қызметкерлерінің індет жұқтыруының алғашқы жағдайлары наурыз айында орын алған болса, бұл мәселені осынша созбалаңға салудың себебі неде?! Аймақтық партиялық бақылау комиссиялары бюрократия мен сөзбұйдаға салу фактілерін қарап, кінәлі партия мүшелерін ең қатаң жауапкершілік шараларына тартуы керек», - деді Павел Казанцев.
Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың айтуынша, қазіргі уақытта инфекция жұқтырушыларды 3 топқа бөлген. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 3 ай
