«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалының қабылдау бөліміне байланыс телефон арқылы Жаркент қаласының тұрғыны Чурукова Венера Аюпжановна өтініш білдірді. Өтініші бойынша Чурукова Венера отбасы жағдайының төмен екендігін айтып азық-түлікке көмек көрсетуді сұрады. #BIZBIRGEMIZ Республикалық акциясы аясында аудандық партия филиалы Чурукова Венераға отбасылық жағдайын ескере отырып көмек көрсетті.
