Мазмұнға өту

Жаңа

Тазалық – денсаулық негізі

Тазалық – денсаулық негізі,

Денсаулық – байлық негізі.

Жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын арттыруға, олардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене тәрбиесі мен бұқаралық спорт жүйесін дамытуға ықпал жасап, Еңбекшіқазақ ауданында жастар арасында «Тазалық - дені сау ұлт кепілі» тақырыбында онлайн-эстафета өтті.

0
0
202

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілер тиісті орныдарды арнайы жабдықтау ...

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілер тиісті орныдарды арнайы жабдықтау керектігін ескеру қажет. Бүгін біз арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орнына қойылатын талаптар тізімін ұсынамыз. 1.Барлық жабдықты басқару құралдары, жабдықтар мен жиһаз мүгедектігі бар қызметкер үшін қол жетімді және ыңғайлы болуы керек. 2.Арбаның қозғалысы үшін жеткілікті орын (атап айтқанда, бұрылу алаңы) қамтамасыз етілуі тиіс. 3.Жұмыс үстелінің биіктігі мен көлбеуін өзгертуі керек, қосымша жарықтандыру, қосымша құрал бекіткіштері, тартпалар мен құралдарды ұстап тұратын жабдықтар болуы шарт. 4.Жұмыс орындығы орындық пен арқаның биіктігі мен көлбеу бағытын өзгертетін қосымша басқыштар, шынтақшалар (қажет болған жағдайда), тіректер мен тұтқалары болуы керек. 5.Жұмыс беруші о…

0
0
222

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері»

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері» тақырыбында онлайн-трансляция форматында тренинг өтті.ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес осы Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.Онлайн тренинг төмендегі сұрақтарды қамтыды:Ø сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту;Ø сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;Ø мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.Ег…

1
0
218

Өңір кәсіпкерлері қолдаусыз емес

Түрлі мемлекеттік бағдарламалар оларды қанаттандыруда. Кәсібін жаңадан ашушыларға төмен пайызды несие берілуде. Одан бөлек қайтарымсыз гранттар да шағын және орта бизнеске елеулі көмек болуда. Биылдың өзінде пандемия уақытында кәсіпкерлік саласы мемлекет қолдауынан қапы қалмады.Алматы облысы өңірінде шағын және орта кәсіпкерліктің жай-күйін саралау мақсатында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онлайн жиынды атаулы кеңестің төрайымы, «Прогресс» колледжінің директоры Ж.Телпекбаева жүргізді. Мұнан бөлек жиынға «Nur Otan» партиясы Алматы облысының филиалы төрағасының орынбасары Г.Тойлыбаева, Алматы облысы іскер әйелдер өңірлік кеңесінің төрағасы Р.Салықова қатысты. Отырыста облыста кәсіпкерлікті қолдау бағытында…

0
0
203

Аудандық орталық кітапханада басқосу өтті

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен - «Қазіргі жастардың дінге көзқарасы» осындай атаумен бүгін аудандық орталық кітапханада басқосу өтті. Кездесуге аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Серік Қалиев пен ауданның бас имамы Ринат Ташенов, аудан жастары қатысты.

0
0
132

Инвестициялық жоба сүйемелденетін болады «PBI» жобалау кеңсесі

2020 жылдың 5 қарашада «PBI» жобалық кеңсесі мен «Sun build» ЖШС Орал-Желаев тас жолының бойында көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау туралы келісімге қол қойылды.«PBI» жобасы қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында әзірленді. Жобаның негізгі бағыттары-мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында бизнес-процестерді құқықтық қорғау және оңтайландыру.Бағдарламаға қатысудың жалғыз шарты инвестициялық жобадағы сыбайлас жемқорлықтан жүз пайыз бас тарту және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік болып табылады. Сонымен қатар, инвесторларды «PBI»жобалық кеңсесімен өзара іс-қимыл жасауға шақырамыз.Бүгінгі таңда облыс бойынша инвесторлармен жалпы сомасы…

0
0
214

БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойды

2020 жылғы 31 қазанда «Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесі (бұдан әрі – «PBI») мен «ӨЖК Серік» ЖШС арасында Орал қаласы Самал шағын ауданында жағалауды бекіту және су тарту құрылыстарын, пирстерді салу және жағажай ұйымдастыру бойынша инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойылды.«PBI» жобасы қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында әзірленді. Жобаның негізгі бағыттары-құқықтық қорғау, бизнес-үрдістерді оңтайландыру, реттеушілікке ықпал ету, қоғамдық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық.Бағдарламаға қатысу үшін тек қана инвестициялық жобадағы сыбайлас жемқорлықтан жүз пайыздық бас тарту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қ…

1
0
152

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын үйлердің сапасы тексерілді

Қазіргі таңда бұл тұрғын үй алабында 9 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Тағы бір көп қабатты тұрғын үй желтоқсан айына дейін пайдалануға берілмек. Ал №10 тұрғын үй маңына көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 123 пәтерлі №9 тұрғын үйдің құрылысын «Норис и К» ЖШС-і жүргізген. Жоба құны — 1,6 миллиард теңге. «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы №23 және №9 тұрғын үйлер уақытылы тапсырылады. Құрылыс материалдары дер кезінде жеткізілді. Қазір әрлеу жұмысы жүріп жатыр. Нысанды жылдың соңына дейін тапсырамыз», - деді «Норис и К» ЖШС-нің учаске басшысы Абиболла Жұмағалиев. Ақтөбе қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Аслан Жарасбаевтың айтуынша, бұл шағын ауданда өткен жылы 1352 адамға пәтер берілген. Биыл 6 көпқабатты тұрғын үйдің 5-і, 11 аз қабатты үйдің 8-і тапс…

0
0
776

Ақтөбеде дәрі бағасы тұрақты

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Жүсіпов бастаған мобильді топ құрамы «Europharma», «Миллениум», «Провизор» дәріхана желілерінде болды. Партиялық комиссия мүшелері рейд барысында дәрілердің жеткілікті қордың бар екендігіне және дәрілер Денсаулық сақтау Министрлігінің бекіткен шекті бағамен сатылып жатқанына көз жеткізді.-Біз бүгін 6 дәріханаға бардық. Дәрі-дәрмектің бағасы шілде-тамыз айына қарағанда арзан және тұрақты. Тек 5-10 теңге ғана айырмашылық бар. Дәріханалар бір-екі айға жететін дәрімен қамтамасыз етілген. Сұранысқа орай жеткізіліп отыр. Бұрынғыдай кезек жоқ. Фармацепттердің айтуынша, дәріханаларға күнінен 5-10 адам ғана келеді, - деді партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Куканов.Партиялық бақылау комиссиясы маскалард…

0
0
319