Инвестициялық жоба сүйемелденетін болады «PBI» жобалау кеңсесі
2020 жылдың 5 қарашада «PBI» жобалық кеңсесі мен «Sun build» ЖШС Орал-Желаев тас жолының бойында көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау туралы келісімге қол қойылды.
«PBI» жобасы қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында әзірленді. Жобаның негізгі бағыттары-мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында бизнес-процестерді құқықтық қорғау және оңтайландыру.
Бағдарламаға қатысудың жалғыз шарты инвестициялық жобадағы сыбайлас жемқорлықтан жүз пайыз бас тарту және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік болып табылады. Сонымен қатар, инвесторларды «PBI»жобалық кеңсесімен өзара іс-қимыл жасауға шақырамыз.
Бүгінгі таңда облыс бойынша инвесторлармен жалпы сомасы 853 млрд теңгеден асатын 24 келісімге қол қойылды.
Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.
