Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері»

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері» тақырыбында онлайн-трансляция форматында тренинг өтті.

ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес осы Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Онлайн тренинг төмендегі сұрақтарды қамтыды:

Ø сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

Ø сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;

Ø мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
193

Осы тақырып бойынша

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері» - Yvision.kz