Екібастұз қалалық «Nur Otan» партиясы филиалынының төрағасы сайланды.
Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.⠀Бүгін «Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: «Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалының төрағасын сайлау және партияның қалалық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.⠀- Ардақ Қаңтарбаевтың мемлекеттік басқару органдарында үлкен тәжірибесі бар. Жинақталған тәжірибе оған партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қойған барлық міндеттерді орындауға көмектеседі деп ойлаймын, - деп атап өтті Илья Теренченко.⠀Конференцияға қатысушылар А.Қаңтарбаевтың кандидатурасына бірауыздан дауыс берді. Қалалық филиалдың жаңа төрағасы партиялықтарға сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, партия Көшб…
