Мазмұнға өту

Жаңа

«Өңірді дамыту» мәселелері бойынша «Намиева» ЖК еңбек ұжымымен кездесу өткізді

6.11.2020ж. Шыңғырлау аудандық мәслихат депутаттары «Өңірді дамыту» мәселелері бойынша «Намиева» ЖК еңбек ұжымымен кездесу өткізді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауданда Қазақстан көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынып, аудан орталығында Мухамбетов көшесіне күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Ақбұлақ ауылында Мәдениет үйі салынуда, аудан орталығында «Дән» мәдениет үйі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

0
0
227

аудандық конференцияға делегаттарды сайлау бойынша Шыңғырлау ауданы БПҰ жиналысы

5.11.2020ж. Аудандық партия филиалының бастауыш партия ұйымдарында санитарлық талаптарды сақтай отырып жиналыстар өтті. Жиналысқа БПҰ төрағалары,аудандық мәслихат депутаттары, партия мүшелері қатысты.Күн тәртібіндегі мәселе аудандық кезектен тыс ХХХІ конференциясына делегаттар сайлау.Аталған мәселеге байланысты аудандық конференция делегаттары сайланды

0
0
133

«Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру» тақырыбында онлайн-кездесу өтті.

4.11.2020ж. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында «Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру» тақырыбында партия мүшелерінің азаматтық сектордың белсенді өкілдерімен онлайн-кездесу өтті. Аталмыш шараға аудандық мәслихат депутаттары Г.Волкогон, А.Камзаева, А.Талдыбаев, облыстық мәслихат депутаты М.Байжанов, ауданның үкіметтік ұйым жетекшілері қатысты. Шара барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылды.Сөзінің басын «Шыңғырлау» бастауыш партия ұйымының төрайымы С.Тайпақова,- «Көрнекті мемелекет қайраткері танымал тұлға, белгілі ғалым, профессор Мырзатай Жолдасбековтың: ғасыр ауысты, мың жылдық алмасты, осылардың тоғысында тәуелсіздік, егемендік келді. Заман өзгеруде, қоғам өзгеруде, адам өзгеруде. Келешекке ой жіберіп, өткен күннің кеселін кесіп, шалдыққан дертінен айығып, құнды…

0
0
186

«Өңірімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» тақырыбында "ZOOM" бағдарламасы арқылы кездесу өтті

3.11.2020ж. «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалында «Өңірімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» тақырыбында "ZOOM" бағдарламасы арқылы кездесу өтті. Еліміз өзінің тәуелсіздігіне ие болған кезде үлкен ауырпалықтарды бастан өткерген салалардың бірі осы ауыл шаруашылығы болатын. Бүгінде ауыл шаруашылық саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаулар мен жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар жетіп жатыр. Біздің ауылшаруашылық өнімдерімізге сұраныс та айтарлықтай. Сондықтан бұл бағытта әлемдік тәжірибелерді пайдаланып, жұмыстарды жетілдіру керек. Еліміздің басты саяси күші ретінде «Nur Otan» партиясы бұл маңызды мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысын үнемі бақылауда ұстайтын болады.

0
0
146

“Дипломмен ауылға”аясында

“Дипломмен ауылға”аясында.2.11.2020ж. Шыңғырлау аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен "Дипломмен-ауылға!» бағдарламасына қатысушылармен дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар, аталған іс-шара әлеуметтік желілерде онлайн трансляциямен жүргізілді.Дөңгелек үстел барысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы А.Хабибуллиев аталған бағдарлама аясында аудан бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. Биылғы жылы бюджеттік кредитке 115 млн теңге көлемңнде қаржы бөлінді. Қазіргі таңда бұл соманың барлығы толықтай игерілді. Аталған қаржыға білім беру саласының 21 маманы, денсаулық сақтау саласының 9 маманы үйлі болды. Көтерме жәрдемақыға 10млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда 9 млн теңге игеріліп, 36 маманға жүз айлық есептік көрсеткішке тең сомада к…

0
0
224

Жүсіп Баласағұни туғанына 1000 жыл

#Жүсіп Баласағұни туғанына 1000 жыл.Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған.философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір…

0
0
265

Ауыл шаруашылығы тауарларының көрмесі

31.10.2020ж. Аудан орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерін сату жәрмеңкесінің онлайн көрмесі. Әр аптаның сенбі күні жәрменкеге: ауданның 8 ауылдық округтері сиыр еті мен қой етін 1700 теңгеден, сүт, бау-бақша өнімдерін саттыққа шығарады.

0
0
193

Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша партиялық тыңдаулар

30.10.2020ж. "Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының мәжіліс залында Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қ.Жазықбаев онлайн режимінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша отырыс өткізді. Отырысқа аудандық партиялық бақылау комиссия мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері және ауданның бөлім басшылары қатысты. Аудандық сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Ә.Оралбаева аудан бойынша таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама оқыды.

0
0
188

«Бизнес-идеяларды қолдау» бойынша Онлайн-тренинг өткізді

Бүгін 30 қазан күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова «Бизнес-идеяларды қолдау» бойынша Онлайн-тренинг өткізді. Онлайн-тренингке ауданның кәсіпкерлері қатысты. Сонымен қатар, аталмыш шараға "Атамекен" кәсіпкерлік палатасының Шыңғырлау ауданы бойынша филиалының кеңесшісі А.Сұлтанғалиев "100 нақты қадам" ұлт жоспары шеңберінде "Шағын бизнесті несиелендіру бағдарламалары" тақырыбында "Игілік", "Сыбаға", "Қарапайым заттар экономикасы" "Кәсіпкер" бағдарламаларының тиімділігі, осы бағдарламалармен қалай жұмыстану керектігіне тоқталып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Отырыс барысында кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мәселелер көтеріліп, онлайн режимінде қойылған сұрақтарға жауап берілді. Кәсіпкер азаматтар мен азаматшалар өз ойларын ортаға салды.

0
0
185

«Өңірдегі бизнесті дамыту мәселесі» бойынша онлайн диалог алаңын өткізді

29.10.2020ж. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова «Өңірдегі бизнесті дамыту мәселесі» бойынша онлайн диалог алаңын өткізді. Аталмыш шараға аудандық мәслихат депутаттары Г.Волкогон, А.Камзаева, А.Талдыбаев, облыстық мәслихат депутаты М.Байжанов, ауданның сала басшылары, ауылдық округ мамандары, шаруа қожалықтары, аудан кәсіпкерлері қатысты. Онлайн диалог алаңында 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы түсіндірілді. Пандемияның әсерінен шағын және орта бизнес өкілдерінің өз кәсіптерін жүргізулеріне қиындықтар туғызғаны баршамызға белгілі. Бірақ Үкімет тарапынан несиелерді жеңілдікпен жабу, төлемдерді кейінге қалдыру сынды жеңілдіктер қарастырылған болатын.Мемлекет басшысы Жолдауда шағын және орта…

0
0
198