Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Өңірдегі бизнесті дамыту мәселесі» бойынша онлайн диалог алаңын өткізді

29.10.2020ж. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова «Өңірдегі бизнесті дамыту мәселесі» бойынша онлайн диалог алаңын өткізді. Аталмыш шараға аудандық мәслихат депутаттары Г.Волкогон, А.Камзаева, А.Талдыбаев, облыстық мәслихат депутаты М.Байжанов, ауданның сала басшылары, ауылдық округ мамандары, шаруа қожалықтары, аудан кәсіпкерлері қатысты.

Онлайн диалог алаңында 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы түсіндірілді. Пандемияның әсерінен шағын және орта бизнес өкілдерінің өз кәсіптерін жүргізулеріне қиындықтар туғызғаны баршамызға белгілі. Бірақ Үкімет тарапынан несиелерді жеңілдікпен жабу, төлемдерді кейінге қалдыру сынды жеңілдіктер қарастырылған болатын.

Мемлекет басшысы Жолдауда шағын және орта бизнес өкілдеріне қызметтерін одан әрі қарай дамытулары үшін 6 пайыздық мөлшерлемемен несие беруді тапсырды. Бұл әрине, бизнес өкілдеріне үлкен көмегін тигізері сөзсіз.

Бәсекеге қабілетті экономика құру үшін дамыған ауыл шаруашылығының болуы өте маңызды.

Президентіміз ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланатынын және табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жататынын жасырмай айтты.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында аграрлық секторға инвестиция тарту қажеттігін баяндай келе, жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын ерекше атап өтті.

0
0
164

Осы тақырып бойынша

«Өңірдегі бизнесті дамыту мәселесі» бойынша онлайн диалог алаңын өткізді - Yvision.kz