“Дипломмен ауылға”аясында
“Дипломмен ауылға”аясында.
2.11.2020ж. Шыңғырлау аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен "Дипломмен-ауылға!» бағдарламасына қатысушылармен дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар, аталған іс-шара әлеуметтік желілерде онлайн трансляциямен жүргізілді.
Дөңгелек үстел барысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы А.Хабибуллиев аталған бағдарлама аясында аудан бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. Биылғы жылы бюджеттік кредитке 115 млн теңге көлемңнде қаржы бөлінді. Қазіргі таңда бұл соманың барлығы толықтай игерілді. Аталған қаржыға білім беру саласының 21 маманы, денсаулық сақтау саласының 9 маманы үйлі болды. Көтерме жәрдемақыға 10млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда 9 млн теңге игеріліп, 36 маманға жүз айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілді. Соның ішінде білім беру саласы бойынша 19 маманға, денсаулық сақтау саласы бойынша 9 маманға, мәдениет және спорт саласы бойынша 7 маманға, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша 1маманға көтерме жәрдемақы берілді. Дипломмен ауылға бағдарламасына қатысушы мәдениет саласының қызметкерлері А.Мендалиев, А.Калиев жастар үшін тұрғын үй мәселесін шешуде мемлекет тарапынан осындай қолдау алғанына алғыстарын айтты.
Бағдарламаның мақсаты – жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алған мамандарды ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға тарту.
