Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бизнес-идеяларды қолдау» бойынша Онлайн-тренинг өткізді

Бүгін 30 қазан күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова «Бизнес-идеяларды қолдау» бойынша Онлайн-тренинг өткізді. Онлайн-тренингке ауданның кәсіпкерлері қатысты. Сонымен қатар, аталмыш шараға "Атамекен" кәсіпкерлік палатасының Шыңғырлау ауданы бойынша филиалының кеңесшісі А.Сұлтанғалиев "100 нақты қадам" ұлт жоспары шеңберінде "Шағын бизнесті несиелендіру бағдарламалары" тақырыбында "Игілік", "Сыбаға", "Қарапайым заттар экономикасы" "Кәсіпкер" бағдарламаларының тиімділігі, осы бағдарламалармен қалай жұмыстану керектігіне тоқталып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Отырыс барысында кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мәселелер көтеріліп, онлайн режимінде қойылған сұрақтарға жауап берілді. Кәсіпкер азаматтар мен азаматшалар өз ойларын ортаға салды.

0
0
157

Осы тақырып бойынша

«Бизнес-идеяларды қолдау» бойынша Онлайн-тренинг өткізді - Yvision.kz