«Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру» тақырыбында онлайн-кездесу өтті.
4.11.2020ж. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында «Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру» тақырыбында партия мүшелерінің азаматтық сектордың белсенді өкілдерімен онлайн-кездесу өтті. Аталмыш шараға аудандық мәслихат депутаттары Г.Волкогон, А.Камзаева, А.Талдыбаев, облыстық мәслихат депутаты М.Байжанов, ауданның үкіметтік ұйым жетекшілері қатысты. Шара барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылды.
Сөзінің басын «Шыңғырлау» бастауыш партия ұйымының төрайымы С.Тайпақова,- «Көрнекті мемелекет қайраткері танымал тұлға, белгілі ғалым, профессор Мырзатай Жолдасбековтың: ғасыр ауысты, мың жылдық алмасты, осылардың тоғысында тәуелсіздік, егемендік келді. Заман өзгеруде, қоғам өзгеруде, адам өзгеруде. Келешекке ой жіберіп, өткен күннің кеселін кесіп, шалдыққан дертінен айығып, құндылықтарымызды қайта қалыптастыратын, өскелең ұрпаққа ие болатын уақыт келді» деген ойымен бастағым келеді. Енді сол ұрпақтан саналы да, тәрбиелі, білімді, интеллектісі жоғары, креативті ойлай алатын нағыз көшбасшы шығару біздің міндетіміз деп ойлаймын -деді.
