«Өңірімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» тақырыбында "ZOOM" бағдарламасы арқылы кездесу өтті
3.11.2020ж. «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалында «Өңірімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» тақырыбында "ZOOM" бағдарламасы арқылы кездесу өтті. Еліміз өзінің тәуелсіздігіне ие болған кезде үлкен ауырпалықтарды бастан өткерген салалардың бірі осы ауыл шаруашылығы болатын. Бүгінде ауыл шаруашылық саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаулар мен жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар жетіп жатыр. Біздің ауылшаруашылық өнімдерімізге сұраныс та айтарлықтай. Сондықтан бұл бағытта әлемдік тәжірибелерді пайдаланып, жұмыстарды жетілдіру керек. Еліміздің басты саяси күші ретінде «Nur Otan» партиясы бұл маңызды мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысын үнемі бақылауда ұстайтын болады.
