Мазмұнға өту

Жаңа

Маслихат депутаты С. Битан аудан жастарымен онлайн кездесу өткізді

Мұнайлы ауданы маслихат депутаты С. Битан аудан жастарымен онлайн кездесу өткізді. Шараның мақсаты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» Қазақстан халқына жолдауындағы басты назар аударылған тұстары, яғни бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдары, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістері, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуына, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарына басты назар аудару қажеттігі айтылған тұсына тоқтап өтіп өскелең ұрпақтың, бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына қосар үлесінің маңыздылығы, жастардың ел болашағындағы рөлі туралы әңгіме қозғап, жастар тарапынан ұсыныс пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар жаңа…

0
0
242

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мекемесі дөңгелек үстел өткізді.

09.11.2020ж Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мекемесі

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Отырыстың барысында тізімдегі тұрғындардың санын азайту мақсатында мәселелер қозғалып соларға тиісті жауаптар берілді.

0
0
152

«Дін – тәрбие діңгегі тақырыбында» дөңгелек үстел өткізді.

Бүгін Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері, жастар - дінтанушы, теолог Сейтимова Жансая Калбековнамен «Дін – тәрбие діңгегі тақырыбында» дөңгелек үстел өткізді.Ж. Калбековна жастарға білім туралы, тәртіп, адамның бойындағы қасиеттер туралы сөз қозғап, әңгімеледі. Кездесу барысында иман, дін жайында, діннің қазіргі кездегі жағдайы туралы, діннің дұрыс ағымдары мен имандылық пен әдептілік туралы айтылды. Әңгіме барысында дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінетіндігі, адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер туралы сөз қозғалып ж…

0
0
297

«Бақытты отбасы»» бағдарламасы аясында М. Жанжігітова ауданның іскер әйелдерімен кездесу өткізді

Бүгін партиялық «Бақытты отбасы»» бағдарламасы аясында, Мұнайлы аудандық «Атамекен» ҚР ҰКП Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық бөлімше басшысы М. Жанжігітова ауданның іскер әйелдерімен кездесу өткізді. Бизнес-қоғамдастық үшін маңызды болып саналатын кездесуде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда нәзік жандардың белсенділігін күшейту, әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсету, шешім шығару деңгейінде әйелдер қауымы санының артуы, отбасылық және рухани-адами құндылықтарды нығайту мәселелері мен бүгінгі қоғамдағы көпбалалы аналардың кәсіпкерлік жүргізудегі кездесетін мәселелерінің алдын-алу жолдары талқыланды.Көпбалалы аналардың белсенділігін арттыруда бүгінгі қоғам болып жұмыс атқарып, аналар бастап жатырған кәсіпке қолдау білдіруіміз қажет. Бизнесте тұтынушы артқан сайын, өнім сапасының жоғ…

0
0
111

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шараларын насихаттау мақсатында отырыс өткізілді

Бүгін Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесі төрағасы Р. Отегулова «Ақбота» БПҰ мүшелерімен сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шараларын насихаттау мақсатында отырыс өткізді. Отырыс БПҰ мәжіліс залында болып, жиынға аудандық партия филиалының консультанты Н. Ордаған, «Ақбота» БПҰ мүшелері қатысты.Жиын барысында төраға алдағы уақытта партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Жол картасына» сәйкес ұйымдастырылып, жемқорлықтың салдарынан емес, оларды туғызатын себептер мен жолдарды анықтауға баса назар аудару қажеттігі айтылып, осылайша ел сеніміне сай қызмет ете беру партияға да, оның мүшелеріне де мәртебелі міндет болып қала береді деді өз…

0
0
180

"Jas Otan" ЖҚ-ның еріктілері "Ұрпақтар сабақтастығы" атты тақырыпта сұхбат алды

07.11.2020ж. Тыл ардагері, геолог барлаушы Көшенұлы Тұрсынғали атамыздың үйінде "Jas Otan" ЖҚ-ның еріктілері "Ұрпақтар сабақтастығы" атты тақырыпта сұхбат алды және де Көшенұлы Тұрсынғали атамыздың жастарға деген ақыл кеңесін тыңдап қайтты.

0
0
136

"Дін - Тәрбие діңгегі " тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтті.

Бүгін аудандық филиалдың конференция залында "Дін - Тәрбие діңгегі " тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтті.

Жиынға "Jas Otan" ЖҚ Төрағасы Қайырбек Едіге , және ауыл жастары қатысып, өздерінің сұрақтарына жауап алды.

Жиында жастар бір-бірімен еркін форматта ой алмасып, өздерінің дін жайындағы түсініктерімен бөлісті.

0
0
127

XXVII конференциясын шақыру

"Nur Otan" партиясы Мұнайлы аудандық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясын шақыру туралы 03.11.2020ж өткен филиалдың Саяси кеңесі Бюросының қабылдаған қаулысына сәйкес, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалдың кезектен тыс XXVII конференциясы 12.11.2020ж сағат:10 00-де Маңғыстау ауылында өткізу белгіленд

0
0
169