Маслихат депутаты С. Битан аудан жастарымен онлайн кездесу өткізді
Мұнайлы ауданы маслихат депутаты С. Битан аудан жастарымен онлайн кездесу өткізді. Шараның мақсаты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» Қазақстан халқына жолдауындағы басты назар аударылған тұстары, яғни бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдары, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістері, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуына, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарына басты назар аудару қажеттігі айтылған тұсына тоқтап өтіп өскелең ұрпақтың, бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына қосар үлесінің маңыздылығы, жастардың ел болашағындағы рөлі туралы әңгіме қозғап, жастар тарапынан ұсыныс пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар жаңа жағдайдағы экономика мен халық әлеуетін арттыру мақсатындағы басым бағыттар талқыланды.
