Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шараларын насихаттау мақсатында отырыс өткізілді
Бүгін Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесі төрағасы Р. Отегулова «Ақбота» БПҰ мүшелерімен сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шараларын насихаттау мақсатында отырыс өткізді. Отырыс БПҰ мәжіліс залында болып, жиынға аудандық партия филиалының консультанты Н. Ордаған, «Ақбота» БПҰ мүшелері қатысты.
Жиын барысында төраға алдағы уақытта партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Жол картасына» сәйкес ұйымдастырылып, жемқорлықтың салдарынан емес, оларды туғызатын себептер мен жолдарды анықтауға баса назар аудару қажеттігі айтылып, осылайша ел сеніміне сай қызмет ете беру партияға да, оның мүшелеріне де мәртебелі міндет болып қала береді деді өз сөзінде кеңес төрағасы.
