Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бақытты отбасы»» бағдарламасы аясында М. Жанжігітова ауданның іскер әйелдерімен кездесу өткізді

Бүгін партиялық «Бақытты отбасы»» бағдарламасы аясында, Мұнайлы аудандық «Атамекен» ҚР ҰКП Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық бөлімше басшысы М. Жанжігітова ауданның іскер әйелдерімен кездесу өткізді. Бизнес-қоғамдастық үшін маңызды болып саналатын кездесуде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда нәзік жандардың белсенділігін күшейту, әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсету, шешім шығару деңгейінде әйелдер қауымы санының артуы, отбасылық және рухани-адами құндылықтарды нығайту мәселелері мен бүгінгі қоғамдағы көпбалалы аналардың кәсіпкерлік жүргізудегі кездесетін мәселелерінің алдын-алу жолдары талқыланды.

Көпбалалы аналардың белсенділігін арттыруда бүгінгі қоғам болып жұмыс атқарып, аналар бастап жатырған кәсіпке қолдау білдіруіміз қажет. Бизнесте тұтынушы артқан сайын, өнім сапасының жоғарылығын ұмытпаған жөн деп есептеймін. Ол тіптен қай сала болмасын, бәсекелестікте таптырмас күш болып саналатын өнім сапасына баса назар аударатын болса, кәсіп деңгейі артады деп есептеймін,- деді өз сөзінде палата басшысы М. Жанжігітова

Осы тақырып бойынша

«Бақытты отбасы»» бағдарламасы аясында М. Жанжігітова ауданның іскер әйелдерімен кездесу өткізді - Yvision.kz