Мазмұнға өту

Жаңа

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырлуы талқыланды

Бүгін "Nur Otan" партиясы ШҚОФ төрағасының орынбасары А. О. Байжанованың қатысуымен "Дипломмен ауылға" бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша партияның аумақтық филиалдарымен отырыс өтті.Біздің елімізде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру салаларында сұранысқа ие мамандықтар бойынша дипломы бар жас мамандарды ауылдық жерлерге тарту үшін 2009 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 10 жылдан астам уақыт бойы "Дипломмен ауылға" бағдарламасы іске асырылуда.Айта кету керек, 2020 жылы республикалық бюджеттен біздің облыстың 381 жас маманына тұрғын үй сатып алуға кредит беру үшін 1574 694 мың теңге бөлінді. 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 380 маман 1 469 967 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер алды.Қалалар мен аудандард…

0
0
189

Б. Казахбаев және Д. Букебаев «Маңғыстау жылу» КММ жұмысшыларымен онлайн кездесу өткізді.

Бүгін Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының Саяси кеңесінің мүшелері Б. Казахбаев және Д. Букебаев «Маңғыстау жылу» КММ жұмысшыларымен онлайн кездесу өткізді.

Онлайн кездесуде халықпен нақты жұмыс істеу қағидатын жақсарту, қарқынды ақпараттық-идеологиялық жұмысты ұйымдастыруды және партия төңірегіне жастарды біріктіру шаралар қабылдау жолдары талқыланды

0
0
130

Бастауыш партия ұйымдары төрағалары онлайн семинар өткізді

Партия құрылымын жетілдіру мақсатында бастауыш партия ұйымдары төрағалары онлайн семинар өткізді. Семинар барысында партия ішілік жұмыстардың бағыт-бағдары түсіндіріліп алдағы партияішілік жұмыстарын іске асыру жолдары талқыланып, БПҰ мүшелерінің сапалық құрамын жақсарту жұмысын одан әрі жетілдіре түсу шаралары талқыланды.

0
0
107

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу өтті

2020 жылдың 19 қараша күні БҚО бойынша «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.И.Самет, «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Н.Ш.Курумбаев қатысты.Шара барысында Н.И.Самет қатысушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға және қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған заңнамалық бастамалар мен новеллаларға тоқталды.Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алаты…

1
0
198

Көп балалы аналармен кездесті

Бүгін "Nur Otan" партиясы Мойынқұм аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Естаев аудан орталығындағы көп балалаы аналармен кездесу өткізіп, олардың қазіргі таңдағы жай-күімен танысты.

0
0
181

Қолыңызды жуып жүріңіз

Қолыңызды жуып жүріңіз.Вирус қолда небәрі 10 минут қана тұрақтай алады екен, алайда осы уақыттың ішінде сіз бетіңізді, мұрныңызды ұстап немесе көзіңізді уқалап қоюыңыз мүмкін. Сондықтан қолыңызды жиі жуыңыз.⠀ Су ішіңіз.Кем дегенде 15 минут сайын су ішіп тұру ағзаңыздың құрғап кетуінен, иммунитетіңіздің әлсіреуінен сақтайды.⠀Тамағыңызды шайып жүріңіз.Әртүрлі дезинфекциялық құралдардың көмегімен күніне екі рет аузыңызды, тамағыңызды шайып тұрыңыз. Бұл әдіс вирустың, әртүрлі шаң-қоқыстың ішіңізге түсіп кетуінен сақтайды.⠀COVID-19 киімде де болады.Вирус киіміңізге жұқса, ол бірнеше сағат бойы сонда тұруы мүмкін. Сондықтан киіміңізді жиі ауыстырып тұруға, кір киімді жууға ерінбеңіз.⠀Қолыңызды қайта-қайта тазалап тұрыңыз.КЕЙБІР ЕСКЕРТПЕЛЕР:қоғамдық көлікте, мекемеде, адам қарасы көп жүретін жер…

0
0
158

Мемлекеттік статистика күні

Құрметті мемлекеттік статистика қызметкерлері!

Сіздерді мемлекеттік статистика органдарының ұйымдастырылғанына 100 жыл толуымен және кәсіби мереке - Қазақстан Республикасы статистика күнімен құттықтаймыз!

Сіздердің қызметтеріңіз әлеуметтік-экономикалық даму барысын барынша айқындай отырып, ұлттық экономиканың қарқынын және тұрғындардың тұрмыс деңгейін сараптап, алдағы ауқымды істі жоспарлауға ықпал етеді.

Әр күнгі тынымсыз істеріңіз арқылы Сіздер ортақ Отанымыз - Қазақстан Республикасының гүлденіп, дамуына өздеріңіздің үлестеріңізді қосып келесіздер.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отыра, денсаулық, бақыт, табыс және тәуелсіз Қазақстанның болашағы мен гүлденуіне өлшеусіз үлес қосатын кәсіби саладағы зор табысқа жете берулеріңізге тілектеспіз.

0
0
134