«Дін – тәрбие діңгегі тақырыбында» дөңгелек үстел өткізді.
Бүгін Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері, жастар - дінтанушы, теолог Сейтимова Жансая Калбековнамен «Дін – тәрбие діңгегі тақырыбында» дөңгелек үстел өткізді.
Ж. Калбековна жастарға білім туралы, тәртіп, адамның бойындағы қасиеттер туралы сөз қозғап, әңгімеледі. Кездесу барысында иман, дін жайында, діннің қазіргі кездегі жағдайы туралы, діннің дұрыс ағымдары мен имандылық пен әдептілік туралы айтылды. Әңгіме барысында дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінетіндігі, адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер туралы сөз қозғалып жиын қатысушылары сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Жалпы мемлекет алдына қойылып отырған негізгі мақсаты - жастар арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру болып табылады.
