Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік статистика күні

Құрметті мемлекеттік статистика қызметкерлері!

Сіздерді мемлекеттік статистика органдарының ұйымдастырылғанына 100 жыл толуымен және кәсіби мереке - Қазақстан Республикасы статистика күнімен құттықтаймыз!

Сіздердің қызметтеріңіз әлеуметтік-экономикалық даму барысын барынша айқындай отырып, ұлттық экономиканың қарқынын және тұрғындардың тұрмыс деңгейін сараптап, алдағы ауқымды істі жоспарлауға ықпал етеді.

Әр күнгі тынымсыз істеріңіз арқылы Сіздер ортақ Отанымыз - Қазақстан Республикасының гүлденіп, дамуына өздеріңіздің үлестеріңізді қосып келесіздер.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отыра, денсаулық, бақыт, табыс және тәуелсіз Қазақстанның болашағы мен гүлденуіне өлшеусіз үлес қосатын кәсіби саладағы зор табысқа жете берулеріңізге тілектеспіз.

0
0
112

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік статистика күні - Yvision.kz