Қолыңызды жуып жүріңіз
Қолыңызды жуып жүріңіз.
Вирус қолда небәрі 10 минут қана тұрақтай алады екен, алайда осы уақыттың ішінде сіз бетіңізді, мұрныңызды ұстап немесе көзіңізді уқалап қоюыңыз мүмкін. Сондықтан қолыңызды жиі жуыңыз.
⠀ Су ішіңіз.
Кем дегенде 15 минут сайын су ішіп тұру ағзаңыздың құрғап кетуінен, иммунитетіңіздің әлсіреуінен сақтайды.
⠀Тамағыңызды шайып жүріңіз.
Әртүрлі дезинфекциялық құралдардың көмегімен күніне екі рет аузыңызды, тамағыңызды шайып тұрыңыз. Бұл әдіс вирустың, әртүрлі шаң-қоқыстың ішіңізге түсіп кетуінен сақтайды.
⠀COVID-19 киімде де болады.
Вирус киіміңізге жұқса, ол бірнеше сағат бойы сонда тұруы мүмкін. Сондықтан киіміңізді жиі ауыстырып тұруға, кір киімді жууға ерінбеңіз.
⠀Қолыңызды қайта-қайта тазалап тұрыңыз.
КЕЙБІР ЕСКЕРТПЕЛЕР:қоғамдық көлікте, мекемеде, адам қарасы көп жүретін жерлерде жүретіндіктен, қолыңызды қайта-қайта тазалап тұру артық болмайды. Қолды кем дегенде 20 секунд сабындап жуу керек.
⠀Егер офиста отырып жұмыс істейтін болсаңыз, компьютеріңіздің пернетақтасы мен айналасын да бір сүртіп, тазалап қойыңыз.
⠀Ыстық асты көбірек ішіңіз. Салқын сулар мен шырындарды кейінге қалдырыңыз.
⠀Темір тұтқалардан абай болыңыз.
Автобустағы темірлерді мүмкіндігінше ұстамаған абзал. Темір есіктерден де барынша алысырақ жүріңіз.
Себебі, темірдің үстінде вирус шамамен 12 сағаттай өмір сүреді.
⠀Және ең соңында:
Вирусты тек жақын араласқан кезде ғана жұқтыруға болады. Сондықтан көшеде түшкіріп жүрген барлық адамнан қорқып, үрке қашудың қажеті жоқ.
