Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу өтті

2020 жылдың 19 қараша күні БҚО бойынша «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.И.Самет, «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Н.Ш.Курумбаев қатысты.

Шара барысында Н.И.Самет қатысушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға және қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған заңнамалық бастамалар мен новеллаларға тоқталды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
157

Осы тақырып бойынша

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу өтті - Yvision.kz