Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырлуы талқыланды

Бүгін "Nur Otan" партиясы ШҚОФ төрағасының орынбасары А. О. Байжанованың қатысуымен "Дипломмен ауылға" бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша партияның аумақтық филиалдарымен отырыс өтті.

Біздің елімізде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру салаларында сұранысқа ие мамандықтар бойынша дипломы бар жас мамандарды ауылдық жерлерге тарту үшін 2009 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 10 жылдан астам уақыт бойы "Дипломмен ауылға" бағдарламасы іске асырылуда.

Айта кету керек, 2020 жылы республикалық бюджеттен біздің облыстың 381 жас маманына тұрғын үй сатып алуға кредит беру үшін 1574 694 мың теңге бөлінді. 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 380 маман 1 469 967 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер алды.

Қалалар мен аудандардың бюджеттерінде ағымдағы жылы 494 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге 137 167 мың теңге жоспарланған. 2020 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша 450 маманға 123 265,5 мың теңге жәрдемақы төленді.

Онлайн отырыс барысында "Дипломмен ауылға"бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Бесқарағай, Зайсан, Шемонаиха аудандарының аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары тыңдалды. 2009 жылдан бастап Шемонаиха ауданына - 124, Зайсан ауданына – 162, Бесқарағай ауданына-183 жас маман келген. Талдау көрсеткендей, ауылға ең көп жас педагогтар мен медицина қызметкерлері барады.

0
0
157

Осы тақырып бойынша

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырлуы талқыланды - Yvision.kz