Ауданның ауылшаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер жөнінде отырыс өткізді.
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау мүшелері, бұқаралық ақпарат қызметкерлерімен бірлесіп, ауданның ауылшаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер жөнінде отырыс өткізді. Отырыста шаруашылық жүргізудегі жиі кездесетін мәселелер, атап айтқанда, мал азығының қымбаттауы, жайылымдардағы су көздерінің тапшылығы қолайсыздық келтіруі жөнінде сөз қозғалды.
