Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мүгедектер әлеуметтік нысандарға кедергісіз кіруі керек.

Еліміздің Конституциясында мүгедектерге қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқығы тайға таңба басқандай белгіленген. Ол туралы мемлекет басшысы өз Жолдауында да нықтап көрсеткен. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көңіл бөлініп келеді.Олардың әлеуметтік жағдайын жасаудан бастап күнделікті қажеттерін өтеуі үшін көмек көрсетілуде.

Мүгедектер әлеуметтік нысандарға кедергісіз кіруі керек. Олар да өзге адамдар секілді өмір сүруге құқылы. Өздеріне тән қажеттіліктері де бар. Осы орайда ауданымыздағы "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдары арасында партияның "Кедергісіз келешек" жобасы аясында "Ең жақсы қолжетімді нысан" байқауы ұйымдастырылған болатын. Байқау бойынша әр бастауыш партия мүмкіндігі шектеулі жандар үшін орнатылған әлеуметтік нысандарының фотоларын ұсынды. Байқау қорытындысы алдағы уақытта жарияланатын болады.

Осы тақырып бойынша

Мүгедектер әлеуметтік нысандарға кедергісіз кіруі керек. - Yvision.kz