Мазмұнға өту

Жаңа

Жетісу облысында құны 7 млн теңгеден асатын заңсыз темекі өнімдері тәркіленді

Жетісу облысында заңсыз темекі өнімдері салынған 10 мыңнан астам қорап тәркіленді.

Депаратменттің мәліметінше, бақылау-есепке алу маркалары жоқ акцизделетін (темекі) өнімдерін тасымалдады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Жүк көлігін тексеру барысында жалпы құны 7 млн теңгеден асатын 10 мыңнан астам қорапты құрайтын тіркеу және бақылау белгілері жоқ темекі өнімдері табылып, тәркіленді", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта темекінің шығу тегі анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

0
0
217

Украина екі қазақстандық компанияға қарсы санкция енгізді

Украина 300-ге жуық кәсіпорын мен ұйымға қатысты санкция енгізді. Соның ішінде екі қазақстандық компания да бар.Санкциялық тізімге 291 компания енген. Санкцияның мерзімі – 10 жыл. Ал екі қазақстандық компанияға қатысты шектеу шаралары бес жылға енгізіліп отыр. Олар - "ИТС-Астана" жауапкершілігі шектеулі серіктестік және "Тыныс" акционерлік қоғамы."ИТС-Астана" дәнекерлеу құрал-жабдықтарын жеткізумен айналысады және ресейлік "ИТС-Урал" компанияның Қазақстандағы ресми өкілі болып саналады."Тыныс" АҚ шығаратын өнімдер - полиэтилен құбырлары, автомобиль крандары мен мүгедектерге арналған арбалар. 2013 жылдан бастап кәсіпорында амуниция және қорғаныс құралдарын тігетін цех ашылды. Мемлекеттік тапсырыспен Қазақстанның күш құрылымдары үшін бронды кеудешелер, бронды жүйелер мен соққыға қарсы қалқа…

-1
1
1322

Мәдениет және спорт вице-министрі Оралда есеп беру кездесуін өткізді

Нұрғиса Дәуешовтың айтуынша, мәдениет пен спорт саласының дамуы көш ілгерілеп келеді. Белсенділік артқан. Дегенмен, ол ұлттық құндылықтарды, тарихи тұлғаларды насихаттайтын іс-шаралар көбірек ұйымдастырылса деген тілегін жеткізді."Алаш арыстары туралы туындылар, қойылымдар көбірек шықса, бұл тарих қойнауындағы зұлмат жылдар зардабын тартқан боздақтарға, қазақтың арда ұлдарына көрсетілген құрмет болмақ. Сондықтан жоспар құрғанда ұлттық маңызды іс-шаралар тізімінде осындай тапсырмалар болғаны жөн", – дейді Нұрғиса Мұратұлы."Неге осы жақтағы қазақ театрында Жаһанша туралы спектакль жасамасқа?.. Ол бүкіл Алаш мемлекетін құрған адам. Осындай мәселеге мән беріп, назар аудару керек. Спектакль тек көріп кететін нәрсе емес, ой салатын, тарихымызды тану үшін қажет дүние. Астанада "Алаш жауы" деген…

0
0
280

Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары пайда болды

Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Әлеуметтік кодекстің күшіне енуімен мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының мәртебесі, олардың негізгі ережелері, құқықтары мен міндеттері бекітілді.Қазақстан Республикасы бойынша әлеуметтік қорғаудың бас мемлекеттік инспекторы орталық мемлекеттік орган деңгейінде бекітіледі.Министрліктің еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық департаменттерінің басшыларына өңірлер бойынша бас мемлекеттік әлеуметтік инспектор мәртебесі берілді. Әр өңірде әлеуметтік қорғаудың қатардағы мемлекеттік инспекторларының штаты бекітілді.Әлеуметтік қорғау мемлекеттік инспекторларының құзыретіне: мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қы…

0
0
295

"AMANAT" партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы:Бейсенов Мәлік Аманбайұлы

Құрметті оқырмандар! Өздеріңіз білетіндей Астанада "AMANAT" партиясы атынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумы өтті. Форумға еліміздің барлық өңірлерінен екі мыңнан астам мәслихат депутаттары, сондай-ақ мәжілісмендер, қоғам қайраткерлері, партияның Саяси кеңесінің мүшелері, "Жастар Рухы" жастар қанатының белсенділері және басқалар жиналды. Форумға қатысушылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын іске асыру контексінде өңірлік дамудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейтуді талқылады. Өткен форумда еліміздің ғана емес,әрбір өңірдегі елеулі мәселелер көтеріліп, талқыланды.Көксу ауданында халықты толғандырып отырған барлық мәселелерді партиялық жобаларымыздың аясында шешуге күш салынатын болады.Көксу аудандық мәслихат депутат…

0
0
439

Қауынның құрамындағы пайдалы дәрумендер

Қауынның дәмінен бөлек, оның адам денсаулығына пайдалы тұсатры көп. Оның құрамында аскорбин қышқылы ,калий ,натрий ,фруктоза секілді дәрумендері бар. В дәрумені қант пен көмірсуларды өндіріп, бойыңызға қуат береді. Тарихқа сыр шертетін болсақ, қауынның отаны-көне Мысыр. Ежелгі заманда Египеттегі Ніл өзенінде қауынның алуан түрлі сұрыптары өсірілген. Соның нәтижесінде қауын бар әлемге таралып,адамзат оның жемісін көре бастады. Қауын -ыстыққа төзімді,күн көзін жақсы көретін өсімдік. Құрамындағы фолий қышқылы ,-анимияға таптырмас ем. Қауын- төмен калориялы жеміс түрі . Оның 500 грамм 30 калория. Демек қауынды тұтыну арқылы салмақтан арылуға болады. Артық салмақтан арылғысы келетін адамдарға қауынды тұтынуға кеңес беремін! Қауынның шырынын , ішек құрттарына қарсы ем ретінде пайдалануға болады…

0
0
372

Тұмар ханшайым туралы толғаныс

Әйгілі тұмар ханшайым (Томирис)туралы тарих пәнінен оның ерлігі мен өжеттілігіне қатты тамсанып тыңдайтынбыз. Тарих пәнінен естігенен кейін, тұмар ханшайымды өз көзіммен көруге асықтым. Бір күні "Томирис" тарихи фильмінің тұсаукесері өтіп,жарыққа шықты. Фильмді алғаш көрген сәтте бейне бір тарих қойнауына еніп,ерекше сезімге бөлендім.Сақ тайпаларының көшпелі өмір-салты,тұрмыс-тіршілігі суреттеліп,олардың әдет-ғұрыптарымен,наным-сенімдері көрсетіліп,өзгеше реңк береді. Бір ерекшелігі- кейіпкерлер парсы және түркі тілінде сөйлейді. Фильмде тұмар ханшайымның балалық шағында жақындарынан айырылып ,есейіп,бой жеткенде қуатты патшайымға айналғанға дейінгі тағдыры суреттеледі. Тарихқа сүйенетін болсақ, ел басқарған Томирис патшайым массагеттердің көсемі Спаргапистің қызы. Томиристің әкесі билікт…

0
0
610

Жаңартылған Kia Sorento – бірінші видео

Kia Sorento-ны жаңарту жұмысын жалғастыруда. Кроссовер нақты жол жағдайында сынақтан өтіп жатыр, бірақ ол әлі де камуфляжда

Көліктің тұсаукесері жыл соңына таман өтуі ықтимал, бірақ жаңартылған Sorento-ның қандай болатынын көру үшін ресми премьераны күтудің қажеті жоқ

Жаңа бейнеде Оңтүстік Кореядан келген тәуелсіз дизайнер шпиондық кадрларды мұқият зерттеп, жаңалықтың көрінісін қайталауға тырысады

Бұл рендерлер кроссовердің дизайны туралы өте жақсы түсінік бергенімен, біз машина алатын қозғалтқыштар мен беріліс қораптары туралы әлі ештеңе білмейміз. Бәлкім, олар қатарда бірнеше гибридті қуат берілістері бар екенін ескерсек, өзгеріссіз қалуы мүмкін

0
0
289

Жазғы маусым мен "Shymbulak Medeu Camp" таулы балалар лагерінің ашылуы қалай өтті?

Бүгін тау бөктеріндегі "Shymbulak Medeu Camp" таулы балалар лагерінің таныстырылым өтті.Сонымен, шарадан эксклюзивті кадрлер.Маңызды жобаларТабиғатты қорғауға қатысты жобаларБіз жаңа жобамыз - "Shymbulak Medeu Camp" балалар тау лагері жұмысын бастағанын қуана жариялаймыз! Біздің лагерь балаларға Алматының керемет тауларында ұмытылмас оқиғаларды бастан кешіруге мүмкіндік береді.Жобаның мақсаты балаларда табиғатқа деген сүйіспеншілік мен құрметті тәрбиелеу, оларға ашық ауада болу үшін қажетті дағдыларды үйрету, сондай-ақ командада жұмыс істеу, көшбасшылық, құрмет және жауапкершілік сияқты қасиеттерді дамыту болып табылады. Біз әр баланың түрлі бағдарламалар мен белсенділіктерді ұсына отырып, физикалық, интеллектуалдық және моральдық әлеуетін дамытуға ұмтыламыз", - дейді Абдрахманов Ринат.Ла…

0
0
601

Cloud computing трендтері немесе Қазақстанда бұлтты есептеу нарығы қалай дамып жатыр?

Қазақстанның бұлтты нарығы дамуының алғашқы сатысында, бірақ оның өсім қарқыны таң-тамаша етеді. Сарапшылар cloud computing өсімінің қарқынды дамып жатқанына назар аударып отыр.Жетекші сараптамалық агенттіктер бұлтты технологияны бүкіл әлемдегі бизнесті дамытудың қозғаушы күші деп атайды. Мәселен, америкалық Gartnerзерттеу және консалтингтік компаниясы 2023 жылы бүкіл әлем бойынша қоғамдық бұлтты пайдаланушылардың шығыны шамамен 600 миллиард долларға жетіп, 21,7%-ға артады деп болжаған. Мұндай динамика, ең алдымен, жасанды интеллект (AI), Web3 танымалдығының артуымен және метағаламның дамуымен байланысты.Қазақстандағы бұлттарҚазақстан әлемдік трендтерге сәйкес дамып келеді және нарықтың қарқынды өсімін көрсетіп отыр.ҚР-да 2022 жылы бұлтты технологиялар индустриясының көлемі 23,72 млрд тең…

0
0
421