"AMANAT" партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы:Бейсенов Мәлік Аманбайұлы
Құрметті оқырмандар! Өздеріңіз білетіндей Астанада "AMANAT" партиясы атынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумы өтті. Форумға еліміздің барлық өңірлерінен екі мыңнан астам мәслихат депутаттары, сондай-ақ мәжілісмендер, қоғам қайраткерлері, партияның Саяси кеңесінің мүшелері, "Жастар Рухы" жастар қанатының белсенділері және басқалар жиналды. Форумға қатысушылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын іске асыру контексінде өңірлік дамудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейтуді талқылады. Өткен форумда еліміздің ғана емес,әрбір өңірдегі елеулі мәселелер көтеріліп, талқыланды.Көксу ауданында халықты толғандырып отырған барлық мәселелерді партиялық жобаларымыздың аясында шешуге күш салынатын болады.Көксу аудандық мәслихат депутаттары берген уәделері орындалатын болады.Форумда талқыланған мәселелер елімізге пайда әкелетіні сөзсіз деп санаймын.
