Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Жетісу облысында құны 7 млн теңгеден асатын заңсыз темекі өнімдері тәркіленді

Жетісу облысында заңсыз темекі өнімдері салынған 10 мыңнан астам қорап тәркіленді.

Депаратменттің мәліметінше, бақылау-есепке алу маркалары жоқ акцизделетін (темекі) өнімдерін тасымалдады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Жүк көлігін тексеру барысында жалпы құны 7 млн теңгеден асатын 10 мыңнан астам қорапты құрайтын тіркеу және бақылау белгілері жоқ темекі өнімдері табылып, тәркіленді", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта темекінің шығу тегі анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

0
0
188

Осы тақырып бойынша

Жетісу облысында құны 7 млн теңгеден асатын заңсыз темекі өнімдері тәркіленді - Yvision.kz