Журналистер NIS төрінде
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-ке журналистер күніне қарсаңында қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелері шақырылып Зияткерлік мектептің қыл қалам мамандары Светлана Попкова, Айнұр Ажмадина және ағылшын тілінен модератор мұғалім Гүлмира Естепбергенова “Арт-терапия және English” бірлескен авторлық шеберлік сағатын өткізді.Бір сағатқа конференц-зал шығармашылық алаңға айналды, кескіндемелеріне үңіліп әркім өз қиялдарын, жаздық демалыстарын суреттеуге кірісті. Арманда жүрген елге, аралға, қалаға барғанын елестетіп суретке айналдыруды өнер сабағының мұғалімдерінің нұсқауларымен оңай да қызықты болды. Соңында әр қонақ өз кескіндемесін ағылшын тілінде суреттеп, караокемен ән айтылды.– Бүгін алған әсеріміз керемет болды. Бірінші рет қолыма қылқалам алып сурет салдым. Тынығы…
