Мазмұнға өту

Жаңа

Қарашоқы БПҰ ашық есік күні өтті

"Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық филиалы Қарашоқы бастауыш партия ұйымының төрағасы Д. Ақбасова ауыл тұрғындарымен онлайн кездесті. Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарын тыңдап, заң аясында кеңес берілді.

0
0
143

Аудандық басылымға 90 жыл

Теріскейдің төл басылымы «Sozaq uni» газетінің 90 жылдығына орай Созақ аудандық орталық кітапханада газетің бас редакторымен онлайн кездесу өтті. Басылым бүгінгі күнге дейін осы мерейтой аясында өз беттерінде газеттің айтулы шарасына орай түрлі мақалалар, естеліктер әр нөмірі сайын жариялап келді. Әлі де жарияланып жатыр. Кітапхана ұжымы мен аудандық газет ұжымы карантин ережесін сақтай отырып бүгін "Sozaq uni" газетінің 90 жылдығына арнайы шығарған «Созақ жылнамасы» атты кітаптың тұсаукесерін өткізді. Кітап беттерінде автор газеттің тарихы мен әр жылдардағы бас редакторларының ерен еңбектерін, газеттің «Созақ айнасы» деген атқа сай сан жылдар атқарған елеулі еңбектерін тиек еткен. "Nur Otan" партиясының аудандық газеттің бастауыш ұйымы, партия филиалы штабының мүшесі, кітап авторы Мақсат…

0
0
152

"Nur Otan" партиясы соңғы 5 жылдағы жұмыс қорытындысын шығарды

XX съезд қарсаңында партияның Орталық аппаратында «Nur Otan» Саяси кеңесінің отырысы өтті. Бейнеконференция байланысы режимінде ұйымдастыру мәселелерімен қатар партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындылары қаралды.«Nur Otan»-ның бесжылдық жұмысын қорытындылай келе, партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі сайлауалды бағдарламаны бақылау мен «кері байланыстың» пәрменді тетігі болғанын атап өтті.Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» 2014 жылы елімізде бірінші болып «Электронды партия» жобасы аясында қоғамдық онлайн-қабылдау бөлмесін, веб-портал ашып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы коммуникацияның жаңа арналарын енгізе бастады.«5 жыл ішінде партияға шамамен 1,2 млн. адам жүгінді, оның…

0
0
162

Дүниежүзілік  теледидар күні!

Теледидар — ақпарат таратудың,  оқытудың және ойын-сауықтың маңызды құралы болып,  біздің өмірізден үлкен рөл алады.

21 қараша — БҰҰ-да Дүниежүзілік I теледидарлық форумның өткізілген күнін есте калдыру үшін "Бүкіл дүниежүзілік теледидар күні" деп жарияланады.

Мемлекеттерге бейбітшілік, қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму, мәдени алмасулардың кеңейтілуі сияқты проблемаларға арналған теледидар бағдарламаларын қолдай отырып, "Бүкіл дүниежүзілік теледидар күнін" атап өтуге ұсыныс жасалды.

Мереке құтты болсын!

--

0
0
161

Қоғамдық мәслихаттарды енгізуді ұсынылды

"Қоғамдық келісім" КММ диалог алаңында Қазақстан Президенті Жолдауының бір бағытын талқылау барысында қоғамдық мәслихаттарды енгізуді ұсынылды.

Облыс аудандарымен оффлан және онлайн кездесу модераторы "Nur Otan" партиясының Батыс Қазақстан филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Айгүл Туркина болды.

Кездесуде қолданыстағы модельдер – Қоғамдық кеңестер, медиация институты және т.б. талқыланды.

Президент Жолдауы аясындағы мәселе аудандық қоғам өкілдерімен онлайн-талқылауға шығарылды.

Талқылау азаматтардың өзін-өзі тануының өсуі және соның салдарынан олардың мемлекетті басқаруға саналы түрде қатысуы әртүрлі қоғамдық кеңестердің жұмысын үйлестіру қоғамдық мәслихатта қарастырылуы тиіс деген шешімге келді.

0
0
126

Танылмаған таланттар

Күзгі жаңбыр тазартады ғаламды «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы аудан көлеміндегі талантты жастарды қолдауды, олардың жіті назарда ұстап, шығармашылығына жәрдем жасауды қай кезде болсын жіті назарда ұстап келеді. Соның айғағындай аудандық басылым бетінежас талапкер Сейтқазы ӘльФараби Құрманқазыұлының біршама өлеңдерін жариялауды ұсынған болатын. Сейтқазы ӘльФараби Құрманқазыұлының 1996 жылы бірінші қаңтарда Созақ ауылында өмірге келген. Алғаш білім нәрін Суындық жалпы орта мектебінен бастау алады. Алматы қаласы Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар коледжін бітірген. Қәзіргі таңда Орталық Азия Университетінің Журналистика факультетінде 4 курс студенті. Жыр әлеміне келгелі қалалық, республикалық бірнеше байқаулардың жеңімпазы болып танылды. Бүгінгі нөмірде ж…

0
0
312

Денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесті

Бүгін, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірініші орынбасары Дастан Буханов, аудандық емхананың партия белсенділері денсаулық сақтау саласының өкілдерімен еркін форматта кездесу өткізді. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауындағы алтыншы бағыт «Денсаулық сақтау саласын дамыту» бойынша аудандағы атқарылған бірқатар істердің орындалғаны жайлы емхана басшысы Бақытжан Нысанбаевтың баяндамасын тыңдады.Әлемге жайылған індет медицина саласын біраз әбігерге салғаны белгілі. Әсіресе дәрігерлердің еңбегін қалай бағалау керегін үйретті. Осы ретте президент өз жолдауында дәрігердің жалақысын алдағы уақытта екі есеге көтеру керегін айтып, оларды материалдық жағынан көтеруді тапсырды. Сонымен қатар пандемия кезінде науқас…

1
0
235

Созақ аудандық "Sozaq uni" газетіне 90 жыл

Созақ аудандық Созақ үні газетінің 90 жылдығына орай түрлі мақалалар, естеліктер газет беттерінде жылдың басынан бері әр нөмірі сайын жарияланып келді. Әлі де жарияланып жатыр. Еліміздегі карантин жағдайында түрлі онлайн шараларда өтіп жатыр. Карантин ережесін сақтай отырып бүгін"Sozaq úni" газетінің әр жылдардағы бас редакторлары мен баспахана басшыларын "Nur Otan" партиясының аудандық газеттің бастауыш ұйымы, партия филиалы штабының мүшесі Мақсат Қарғабай, газет редакторы Сәрсенбек Теңізбаев арнай Е. Жақановтың, Қ.Өмірұлының, Қ. Ерденовтің, Е.Кенжеқараевтың шаңырағында болып, айтулы мерекемен құттықтап партия филиалының төрағасы С.Полатовтың алғыс хаттары мен арнайы сыйлықтар тапсырып, қариялардың жағдайларымен танысып қайтты.

--

0
0
181

Ардагерлер құрметсіз болмайды

Ұлтымыздың танымы балаға әу бастан «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» көрсетуге тәрбиелейді. Қариясын жазулы кітапқа теңеп, содан тәлім-тәрбие алуды көздейтін халық бұл жолдан танған емес. Бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының бастамасымен «Ардагерлердің ардақтайық» партиялық жобасы аясында ғұмырын ел саулығы мен амандығына жұмсаған медицина саласының ардагерлерімен онлайн жиын өтті. Шараның мақсаты – Гиппократ антына адал қызмет етіп, еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін есен-сау жүруіне саналы ғұмырын сарп еткен аялы да саялы жандарға құрмет көрсету. - Әлемді жаулаған пандемия кезінде халық дәрігерлердің шынайы қамқорлығын сезінді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы дәстүрлі Жолдауын дәрігерлерге алғыс айтумен бастаған еді. Медицина сонша жерден заманауи жабдықт…

0
0
325

Азаматтық қоғамды дамытуға тың қадам

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде: «жалпы мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру үшін азаматық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану керек» деген еді. Президенттің сөзі үкіметтік емес ұйымдардың қоғам дамуының маңызды бөлшегі екенін тағы дәлелдейді. Бүгін «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Қазақстанның әлеуметтік жаңаруындағы ҮЕҰ рөлі» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді. Аты айтып тұрғандай, жиынға аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілер мен мүшелері қатысты. Жиын барысында еліміздің дамуы жолында азаматтық қоғам институттарын құрудың маңыздылығы жайлы айтылды. Жиынға сөзінше, билік пен халық арасындағы алтын көпірді орнатуда қоғамдық қорлардың орны ерекше. Сондықтан, үкі…

0
0
508