Танылмаған таланттар
Күзгі жаңбыр тазартады ғаламды «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы аудан көлеміндегі талантты жастарды қолдауды, олардың жіті назарда ұстап, шығармашылығына жәрдем жасауды қай кезде болсын жіті назарда ұстап келеді. Соның айғағындай аудандық басылым бетінежас талапкер Сейтқазы ӘльФараби Құрманқазыұлының біршама өлеңдерін жариялауды ұсынған болатын. Сейтқазы ӘльФараби Құрманқазыұлының 1996 жылы бірінші қаңтарда Созақ ауылында өмірге келген. Алғаш білім нәрін Суындық жалпы орта мектебінен бастау алады. Алматы қаласы Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар коледжін бітірген. Қәзіргі таңда Орталық Азия Университетінің Журналистика факультетінде 4 курс студенті. Жыр әлеміне келгелі қалалық, республикалық бірнеше байқаулардың жеңімпазы болып танылды. Бүгінгі нөмірде жас таланттың тұсауын кесіп өзі туып өскен Созақ ауданындағы оқырмандарына танытпақ ниетте бір топ өлеңдерін өңдеп, саралап көпшілік назарына ұсынғалы жариялап отырмыз. Мақсат Қарғабай, «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының штаб мүшесі. Қасиетіңнен айналайын Қарт Қаратау бөктері, Сағындым ғой сарғайдым ғой текті елі. Бұла таңнан Шуақ шашқан күн нұрын, Жусан иісің оятады Созағымның көктемі. Ғажабыңа бақытыңа кенелгем, Аламанда атым озып көкпар тартқам сенделгем. Құшағыңа жығылғанда, Жан жарамды емдеп ем . Мейір көргем таусылмайтын қуат күшін сен берген, Жетелеген алға мені сағыныштың көк белі. Апаратын дара жолда нөсер жауын сепкені, Жаратушы беріп жатыр несібемді жеткелі. Кең даламда қандай бақыт самал желдің өпкені, Махаббат пен Мәрхабатпен құрметтеймін тек сені. Құшаққа алшы, Қарт Қаратау, Көктөбемнің көктемі! Ана Бəріне жақсы қара дейсіз ана, Бағала дейсіз барыңды ғана. Сүюді нəсіп етпеді ғұмыр, Жабырқап жаным қалды ғой жаңа. Даланың көкке шығарып шаңын, Асауды мінген балалық шағым. Айбатты болған Арыстандай ем, Іңгəлап жылап қалдығой жаным. Тақымымнан босаған емес, Қаншама тұлпар болсада жүйрік. Сертіме берік азамат едім, Сертінен тайып кеттіғой жығып. Қайтемін енді өмірге саят, Есімді менің есенгіреткен. Қиналып жатқан ұйқымнан оят, Қайтарайын есемді кеткен. Бəріне жақсы қара дейсіз ана, Бағала дейсіз барыңды дара. Сүюді нəсіп етсінші ғұмыр, Уəдеге берік жандарға ғана. *** Мен саған өкпеледім, Жыладың текке дедің. Сен мені түсінбейтін, Сезімді жек көремін. Қызғанып қайрап пышақ, Жанымнан кет деген не. Жанардан жас тамшылап, Өзімді сөктім неге ... Алдым да арың таза, Мен оған бас иемін. Сен мені түсінсеңші, Жек көрем әуел бастан, Қызғаныш қасиетін ... Қызғанба мені босқа... Жанымды сөкпе менің ... *** Сағындым ғой, Жеттің бе зарықтырып. Жанарыңнан суық жас тамып тұрып. Күтерімді біліпсің ар алдында, Құшағыма құладың. Жанып тұнып, Тарылдыма сендегі Кеңістігім, Сен бар жерде Жанданды егіс бүгін, О көктемім! Алғашқы Махаббатым, Қайтар жанын, Даламның тегіс гүлін.
Шуағын шашқан арайлы таңым, Жанымда болшы өтінемін. БАҚЫТҚА сені балайды жаным, Балдаурен шақтың кеші сен едің. Гүлдерге толы айналаң сенің, Гүлденде сұлу сүйгенім менің. Жайқалсаң қырда гүл болып жаным, Жаңбыр болып саған себілемін. Балашы шуақ бақытқа мені, Жүрекпен жылу сыйлар ем саған. Сезім мен бір сәт сағынсаң мені, Бақытың болып сезілем. Ерекше күйде шаттаншы әр кез, Езуден күлкі кетпесін. Шарпысын бізді махаббат оты, Шаттықпен әркез тербесін. *** Бір көрінсең көзіме айдай еркем, Ғашық көңіл өзіңе қайрай ма екен. Көңілдегі сағыныш себезденіп, Жұпар шашқан гүлдей боп жайнай ма екен. Кезіктірген тағдырым саған осы, Бағаласам бағына сайлай ма екен. Түн ұйқысын бүлдірген жаны жарқын, Жиырма екімде ғашықғып қоймайды екен. Өн бойыңда мінің жоқ ғазалым-ау, Сағыныштан өлеңді жазамын-ау. Самал есіп айтқызған есіміңді, Таң таласа оятқан азаным-ау. Ғашық көңіл ынтызар Махаббатқа, Қуған дүние жеткізбес азаматқа. Жігіттер есің болса бір жанды сүй, Айырбастап жүрмеңдер қазан атқа.
