Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесті

Бүгін, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірініші орынбасары Дастан Буханов, аудандық емхананың партия белсенділері денсаулық сақтау саласының өкілдерімен еркін форматта кездесу өткізді. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауындағы алтыншы бағыт «Денсаулық сақтау саласын дамыту» бойынша аудандағы атқарылған бірқатар істердің орындалғаны жайлы емхана басшысы Бақытжан Нысанбаевтың баяндамасын тыңдады.

Әлемге жайылған індет медицина саласын біраз әбігерге салғаны белгілі. Әсіресе дәрігерлердің еңбегін қалай бағалау керегін үйретті. Осы ретте президент өз жолдауында дәрігердің жалақысын алдағы уақытта екі есеге көтеру керегін айтып, оларды материалдық жағынан көтеруді тапсырды. Сонымен қатар пандемия кезінде науқастарға көмек көрсетуде біраз қиыншылықтар орын алғаны рас. Яғни дем беру апаратының жетіспеуі, науқастарды оқшаулайтын бокс палаталардың аздығы, дәрі-дәрмектің тапшылығы көп қиындық туғызды. Баяндама барысында емхана басшысы пандемияның екінші толқынына дайын екенін жеткізді.

Шара соңында «Nur Otan» партиясы тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

1
0
187

Осы тақырып бойынша

Денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесті - Yvision.kz