Аудандық басылымға 90 жыл
Теріскейдің төл басылымы «Sozaq uni» газетінің 90 жылдығына орай Созақ аудандық орталық кітапханада газетің бас редакторымен онлайн кездесу өтті. Басылым бүгінгі күнге дейін осы мерейтой аясында өз беттерінде газеттің айтулы шарасына орай түрлі мақалалар, естеліктер әр нөмірі сайын жариялап келді. Әлі де жарияланып жатыр. Кітапхана ұжымы мен аудандық газет ұжымы карантин ережесін сақтай отырып бүгін "Sozaq uni" газетінің 90 жылдығына арнайы шығарған «Созақ жылнамасы» атты кітаптың тұсаукесерін өткізді. Кітап беттерінде автор газеттің тарихы мен әр жылдардағы бас редакторларының ерен еңбектерін, газеттің «Созақ айнасы» деген атқа сай сан жылдар атқарған елеулі еңбектерін тиек еткен. "Nur Otan" партиясының аудандық газеттің бастауыш ұйымы, партия филиалы штабының мүшесі, кітап авторы Мақсат Жеңісұлы, газет редакторы Сәрсенбек Теңізбаев арнайы кітап үйінің қара шаңырағында болып, кітапхана үйіне жаңа кітаптарды тарту етті.
