Nur Otan соңғы 5 жылдағы жұмыс қорытындысын шығарды
XX съезд қарсаңында партияның Орталық аппаратында «Nur Otan» Саяси кеңесінің отырысы өтті. Бейнеконференция байланысы режимінде ұйымдастыру мәселелерімен қатар партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындылары қаралды.«Nur Otan»-ның бесжылдық жұмысын қорытындылай келе, партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі сайлауалды бағдарламаны бақылау мен «кері байланыстың» пәрменді тетігі болғанын атап өтті.Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» 2014 жылы елімізде бірінші болып «Электронды партия» жобасы аясында қоғамдық онлайн-қабылдау бөлмесін, веб-портал ашып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы коммуникацияның жаңа арналарын енгізе бастады.«5 жыл ішінде партияға шамамен 1,2 млн. адам жүгінді, оның…



