Мазмұнға өту

Жаңа

Көршілес Волгоград облысының губернаторы А.Бочаровпен онлайн форматта кездесу өткізді

Өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев көршілес Волгоград облысының губернаторы А.Бочаровпен онлайн форматта кездесу өткізді. Кездесуде Бөкей Ордасы ауданы әкімі Н.Рахымжанов және өзім қатысқан болатынмын. Облыс басшысы тарапынан екі жақты қарым қатынасты нығайту бағытында нақты ұсыныстар ұсынылды. Жәнібек ауданына қатысты айтатын болсақ, ол Жәнібек-Вишневка шекара өтпелі бекетін халықаралық деңгейге ауыстыру, сондай-ақ ауданымызда көліктік-логистикалық орталық ашу мәселесін көтерді. Болашақта халыққа қажетті көптеген мәселелер шешіледі деген жоспарда.

0
0
157

Партиялық бақылау аясында

Партиялық бақылау аясында таяуда «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы-аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Кушанова, Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары Ляззат Абдолова Жәнібек ауылында салынып жатырған спорттық–сауықтыру кешенінде болып, құрылыс барысымен танысты. Бұл нысан «КПО б.в.» компаниясының тапсырысымен осы компанияның қаражаты есебінен салынуда.Бұдан бұрын құрылыс жұмыстары бойынша мердігер болып танылған «Марасант» ЖШС өзінің құрылысты іске асыру жөніндегі міндеттемелерін тисіті деңгейде атқармағандықтан тапсырыс беруші «КПО б.в.» компаниясы аталған серіктестікпен шартты бұзып, кешенді салу жұмыстарына қайталап к…

0
0
186

Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы бір жылдың ішінде партия жұмысын қайта жандандыру бағытында ауқымды жүйелі жұмыс атқарылғанын атап өтті.«Біз алғаш рет праймериз өткіздік. Соның нәтижесінде аудан, қала және облыс деңгейіндегі іріктеулерден өткен 77 кандидат Саяси кеңестің шешімімен Съезге ұсынылып отыр. Бүгін праймериз тәртібіне сәйкес, қалған 49 кандидатты орталық квота бойынша партиялық тізімге қосу жөнінде шешім қабылдаймыз. Халықтың қатысуымен 216 өңірлік сайлауалды бағдарлама жан-жақты талқыланып, қабылданды. Онда жұртшылық тарапынан келіп түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді», – деді партия Төрағасы.Сондай-ақ Елбасы праймеризге қатысушылар мен оның жеңімпаздарының сапалық құрамына тоқталды.Толығырақ: Elbasy.kz сайтында-Заседание Бюро Политического совета партии «Nur Otan» под председате…

0
0
115

Nur Otan партиясы қалалық филиалының саяси кеңес мүшелері Деркөл кентінің тұрғындарымен кездесті

Кездесуде "Тұрғынүйқұрылысжинақ банк" кеңесшісі Светлана Мукеева "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша шағын несие беру жолдары туралы айтты.Бағдарламаның басты мақсаты - халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік жағдайын көтеру, елдегі жұмыссыздар санын азайту. Бұл бағдарламаға жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, табысы аз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар қатыса алады.Бағдарлама үш бағытта жүзеге асады.- Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, инфрақұрылым саласында жұмыспен қамту;- Ауылдарда жеке кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға басымдық беру;- Жұмыс беруші сұранысына орай тұрғындарды оқыту және жұмысқа орнастыру;Желаев тұрғыны Гүлжамал Үмбетова кеңесшіге бизнес ашу жөнінде қойған сұрағына жауап алды.Деркөл әкімдігі мамандары кенттегі бағдарлама игілігі…

0
0
156

Nur Otan соңғы 5 жылдағы жұмыс қорытындысын шығарды

XX съезд қарсаңында партияның Орталық аппаратында «Nur Otan» Саяси кеңесінің отырысы өтті. Бейнеконференция байланысы режимінде ұйымдастыру мәселелерімен қатар партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындылары қаралды.«Nur Otan»-ның бесжылдық жұмысын қорытындылай келе, партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі сайлауалды бағдарламаны бақылау мен «кері байланыстың» пәрменді тетігі болғанын атап өтті.Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» 2014 жылы елімізде бірінші болып «Электронды партия» жобасы аясында қоғамдық онлайн-қабылдау бөлмесін, веб-портал ашып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы коммуникацияның жаңа арналарын енгізе бастады.«5 жыл ішінде партияға шамамен 1,2 млн. адам жүгінді, оның…

0
0
173

Бүгін Дүниежүзілік теледидар күні!

Теледидар — ақпарат таратудың, оқытудың және ойын-сауықтың маңызды құралы болып, біздің өмірізден үлкен рөл алады.

21 қараша — БҰҰ-да Дүниежүзілік I теледидарлық форумның өткізілген күнін есте калдыру үшін "Бүкіл дүниежүзілік теледидар күні" деп жарияланады.

Мемлекеттерге бейбітшілік, қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму, мәдени алмасулардың кеңейтілуі сияқты проблемаларға арналған теледидар бағдарламаларын қолдай отырып, "Бүкіл дүниежүзілік теледидар күнін" атап өтуге ұсыныс жасалды.

Мереке құтты болсын!

0
0
227

«Нұрлы Жер» бағдарламасы

Бүгін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының ұйытқы болуымен Саяси Кеңес мүшелері ZOOM платформасы арқылы дөңгелек үстел өткізді.

Кездесуде «Нұрлы Жер» бағдарламасы төңірегінде Абай ауданы әкімі аппаратының инфроқұрылым және көріктендіру бөлімінің басшысы Г.Е.Алтаева ағымдағы жылдың 11 айында Абай ауданы бойынша атқарылған жұмыстарына тоқталып өтті.

Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасының негізгі мақсаты – халық үшін тұрғын үйдің қолжетiмдiлiгiн арттыру. Жоба аясында бүгінде аудан бойынша 453 көпқабатты тұрғын үйлердің 44 үйі жөндеуден өткен, 2020 жылы жоспарланған 19 үйдің 12 үйінде құрылыс жұмыстары жүруде, 383 үйді жағдайына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның ішіндегі 55 үйге 2021 жылға ұсыныс берілді.

0
0
116

Жас кәсіпкерлермен Президент Жолдауы талқыланды

Жас кәсіпкерлер мен «Продгрупп» ЖШС еңбек ұжымы қатысқан жиналыс ZOOM желісі арқалы онлайн түрде өтті.

Күн тәртібінде Жолдауды негізге ала отырып, еліміздегі кәсіпкерлік саласының дамыту сол арқылы экономиканың өркендеуіне жету жолдары талқыланды. Президенттің кезекті Жолдауы әлемдегі каронакризис уақытында, сондай-ақ жаһанданудың жаңа кезенінде ел саясатының бағыт-бағдарын айқындайды. Сол себепті әсіресе жас кәсіпкерлер үшін мұндай маңызды құжатпен танысып, оны тереңнен ұғынуы қазіргі саяси жағдайға тез беймделіп, дағдарыс кезінде де табыс көзін жоғалтпай, үздіксіз дамуға көмектеспек.

0
0
161

"Жоғарғы базар" ұжымымен кездесу өтті

Күн тәртібінде нарықтың рұқсат етілмеген жерлерінде сауда жасау мәселесі қаралды.

Сондай-ақ, басқосуға Әл-Фараби ауданы аппаратының кәсіпкерлік бөлімінің мамандары қатысып, базар сатушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, Жоғарғы базар маңында рұқсат етілмеген жерлерде сауда-саттық жасауға болмайтыны және сауда жасаған жағдайда заң аясында айыппұл төленетіні жөнінде ескертілді. Жалпы жоғарғы базармаңында үнемі тәртіп сақшыларымен аудан әкімшілігінің кәсіпкерлік бөлімінің мамандары нарықтың рұқсат етілмеген жерлерінде сауда жасауға болмайтыны жөнінде азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жиі өткізіп тұратындығы да айтылды.

0
0
183

«Қазақстан жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты»

Бүгін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен , партия филиалының саяси кеңес мүшелері ҚР Президентінің «Қазақстан жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты» Жолдауын іске асыру туралы тақырыбында «Шымкент құс» ЖШС нің еңбек ұжымымен кездесті.

ZOOM платформасында өткен кездесуде Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу арқылы тұрғындардың санитарлық талаптарға сай боллуын. Сонымен қатар еліміздің жаңа экономикалық бағдары басты жеті қағидаттарына тоқталып өтті. Кездесу кезінде алдағы уақытта осы қағидаттарды дамыту жолдары қарастырылды.

0
0
133